АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚ

Техникалық ғылымдар жоғарғы мектебінде сыртқы академиялық ұтқырлық бойынша студенттердің білім алып, тәжірибе алмасуы оң нәтиже беріп келеді. Осындай игі қарым-қатынас «Хаджитеп атындағы Түркия Республикасының университетімен» жасалды.

Аталған оқу ордасының беделді қызметкері, Экологиялық инженерия кафедрасының докторы, профессоры Selım Latif Sanin.

 «Ғылыми-зерттеу жұмыстарын жоспарлау және ұйымдастыру»,« Ақаба суларды тазартудың техникасы мен технологиясы» пәні бойынша 6В05201- «Экология»

білім беру бағдарламасының 4 курс бакалаврына дәріс оқыды. 2023 жылдың 23 қазаны мен 4 желтоқсан аралығында білімгерлер экология саласында ұзақ жыл еңбек еткен маманның тәлім-тәжірибесінен сусындап, ұстаздың ұлағатына тәнті болды. 92 сағаттық дәрістен студенттердің түйгені – көп, өнегесі – терең.