«ЖАҚСЫЛЫҚТА ЖАРЫСАЙЫҚ» АКЦИЯСЫ

І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің Техникалық ғылымдар жоғары мектебінің оқытушы-ассистенті Солтанова Д.А. және Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі білім беру бағдарламасының 4 курс білімгерлерімен бірге «Айналайын» балалар үйі тәрбиеленушілерімен кездесуі өткізді. Кездесу барысында білімгерлер балаларды ойын сауықтыру  («City+») кешеніне апарып, көңілдерін көтеріп қайтты.