26.01.2024 жылы Педагогика және психология жоғары мектебі педагогика және психология білім беру бағдарламалары және облыстық әдістемелік орталығымен бірлесе «Білім беру ұйымдарында инклюзивті білім: теориядан практикаға дейін» атты семинар –тренингі өтті.
Семинарға академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры Г.Қыдырбаева, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің оқу әдістемелік бөлімнің әдіскері И.Нысанбаева, педагогика және психология жоғары мектебінің профессор-оқытушылар құрамы, «Педагогика және психология», «Арнайы педагогика» білім беру бағдарламалары 3,4 курс білім алушылары қатысты.
Семинар мақсаты: педагогикалық практика өту барысында «Педагогика және психология», «Арнайы педагогика» білім беру бағдарламаларының 3,4 курс білім алушыларына әдістемелік қолдау көрсету. Семинарда педагогика және психология білім беру бағдарламаларының оқытушы-дәріскері Г. Азанбекова, Апқ-411топ суденті Г. Аманғажыева, облыстық әдістемелік орталығының бөлім басшысы Д.Кыдыкенова, әдіскері Т. Жанабекова, Р. Елубайқызы, Көксу ауданының №2 ОПМПК басшысы Б. Джунисова, Талдықорған қаласы К.Ушинский атындағы №7 орта мектебі директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары Б. Сейитова, №1 ППТК әдіскері А. Колчимбаева, арнайы педагогі М. Траисова, педагог-логопеді С.Елеуова трненинг-жаттығулар, шебер-класс, сергіту сәтін өткізді. Тәжірибелек алаңда ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың мүмкіндіктері мен ерекшеліктері, эмоциялық байланыс орнатудың әлеуметтік тәжірибесі және ерекше білім беру қажеттіліктері бар баланы дамытушылық практикалық өзара әрекеттесуге тарту мәселелері талқыланды.