Білім көрмесі

І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті Жетісу облысы әкімінің идеясына сәйкес құрылған «Әдеп-құқық жұмысы жөніндегі ментор» жобалық кеңсесі атты білім көрмесіне қатысты. Аталған жиын 12 қаңтар мен 29 ақпан аралығында  ҚР-ның 40 ЖОО-мен Жетісу облысының мектеп бітіруші түлектеріне арнап өткізілуде. Көрменің мақсаты облыс оқушыларының тұлғалық дамуын менторлық сүйемелдеу, балалар мен ересектердің желілік әлеуметтенуі сияқты біріңғай тәрбие кеңістігін қалыптастыру. Сондай –ақ, еліміздің үздік жоғары оқу орындарының өкілдерін шақырып ЖОО-мен таныстыру, кәсіптік-бағдар беру жұмыстарын күшейту. Жетісу университетінің өкілдері университет жайлы ұсынған мазмұнды таныстырылымы үлкен қызығушылық туындатып, талапкерлермен тұжырымды байланыс орнатты. Сонымен қатар, мектеп бітіруші түлектерге барлық имидждік өнімдер ұсынылды. Жиынға 160-қа жуық оқушы қатысты.