«Қазақ тіршілік қамы жүйесіндегі дәстүрлі аңшылықтың орны» атты тақырыпта ғылыми семинар өткізді.

Ағымдағы оқу жылының 01 ақпанында  әлеуметтік-гуманитарлық бағыт бойынша білім беру бағдарламасының оқытушы-дәріскері, PhD Ишкалова Гүлбану Смағұлқызы «Қазақ тіршілік қамы жүйесіндегі дәстүрлі аңшылықтың орны» атты тақырыпта ғылыми семинар өткізді. Семинарда ХVІІІ ғасырда қазақтың тіршілік қамы жүйесіндегідәстүрлі аңшылықтың алатын орны талдана отырып, ХХ ғасырдың басына қарай аңшылық дәстүрлердің жойылуы мен өзгеріске ұшырау себептері қарастырылды. Ғылыми семинарға қатысқан Гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің профессорлық оқытушылар құрамы мен білімгерлер тарапынан сұрақтар қойылып, қызу талқыланды.