Форум

1-3 ақпан аралығында «Индустрия X: Болашақтың цифрлық эволюциясы» Digital Almaty 2024 VI Халықаралық цифрлық форумы өтті, оған сала көшбасшыларының, IT және бизнес саласындағы жетекші инноваторлардың, Ресей, Беларусь, Қырғызстан, Өзбекстан, Иран, Үндістан, ҚХР, ШЫҰ және ЕАЭО елдерінің мемлекет қайраткерлерінің өкілдері, сарапшылар мен кәсіпкерлер қатысты. Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек «Индустрия үшін білім беру 4.0: цифрлық болашақ үшін кадрлар даярлау» панельдік сессиясында баяндама жасады. Форумда 200-ден астам жоба ұсынылды, оның 60-ы Industry 4.0 Startup Battle жартылай финалына таңдалды. TIR (Training in Robotics) жобасы – робототехниканы оқыту бойынша мобильді қосымша И. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінен (жоба авторы техникалық ғылымдар ЖМ ғылыми жұмыс жөніндегі декан орынбасары М. А. Ауелбек және «Математика және Информатика» ББ жаратылыстану ғылымдары ЖМ бакалавриатының 4 курс студенттері А. М. Иманбетова және А. Н. Жайлаубаева, E – Commerce Manager А. М. Муталиева) 27 қаңтарда Алматы қаласында өткен MOST IT HUB-да жартылай финалда ұсынылды. Әрі қарай Digital Almaty 2024 Startup District & Industry X көрмесіне қатысты.