08.02.2024 ж. Жетісу университетіндегі «30 игі іс» іс-шарасы аясында Педагогика және психология жоғары мектебі өз шараларын бастап кетті.
«Тіл» оқу-әдістемелік орталығы және Жетісу облысының Дін істер басқармасының қызметкерлеріне жүргізілді.
Игі істердің бастауы – жоғары мектептің деканаты. Деканның ғылыми жұмысы жөніндегі орынбасары педагогика ғылымдарының магистрі Асылжан Омаровна Есимбекова мен деканның оқу және тәрбие ісі жөніндегі үйлестірушісі философия докторы (PhD) Арайлы Далеловна Шакирова «Кәсіби қажудың алдын алу» тақырыбында психологиялық тренинг өткізді.
Тренинг мақсаты – офиста отыратын мамандардың эмоционалды жануға қарсы ресурстық жағдайды қалпына келтіру.
Іс-шара нәтижесінде:
— Эмоционалды жану синдромымен күресу дағдыларын тәжірибеде үйрету;
— Тұлғаның ресурстық жағдайын белсендендіру;
— Эмоционалдық қысым мен психикалық қажуды төмендету.
Тренингте эмоционалды еркіндік, ашықтық, сенім орнату сияқты міндеттер орындалды.
Алда басқа да игі істер өз жалғасын табады.