09.02.2024 ж. Жаратылыстану жоғары мектебінің «Педагогикалық информатика» білім беру бағдарламалары 6B01505-Информатика, 6B01502-Математика-Информатика, 6B01504-Физика-Информатика 3 курс студенттеріне педагогикалық, практика барысын қадағалау жұмыстары жүргізілді.
Педагогикалық информатика білім беру бағдарламаларының оқытушы-дәріскерлері Н.Ермекова, Г.Қастеева студенттер бекітілген мектептептерді аралап, тәлімгерлермен сұхбаттасты. Қаламыздағы №5-ші мектепте Бейсенбай Қарлығаштың №28-ші мектепте Еркін Хадишаның, №18-ші мектепте Нусип Даринаның ашық сабақтарына қатысты.
- Студенттер ашық сабақта Интерактивті ойындар, презентациялар және тарция әдісі және әр түрлі көрнекіліктер т.б.әдістерін қолданды.
- Мекеменің арнайы мамандары, іс-тәжірибенің жетекшілері әдістемелік, тәлімгерлік көмектерін көрсетуде.
Сабақтар жоғары деңгейде өтті, тәлімгерлері студенттердің дайындығын, педагогикалық шеберлігін, сонымен қатар ұйымдастырушылық қабілеттерін өте жоғары бағалауда.