Марапаттау

Ғылымдағы әйелдер мен қыздардың халықаралық күніне орай университет ғылымының дамуына үлес қосқан ғалым-әйелдерді марапаттау

2024 жылдың 14 ақпанында І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде Аманат партиясынан Халықаралық қыздар мен әйелдер күніне (11 ақпан) орайластырылған университет ғылымының дамуына үлес қосқан әйел ғалымдарды марапаттау рәсімі өтті.

Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің Басқарма мүшесі – ғылыми жұмыс жөніндегі проректор Алефтина Бахтаулова, «AMANAT» партиясы Жетісу облыстық филиалы қоғамдық қабылдау бөлмесінің меңгерушісі Асхат Досмұхамбетов және «AMANAT» партиясы Жетісу облыстық филиалы жанындағы әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту мәселелері жөніндегі кеңесшісі Гульбарам Адамбаева сөз сөйледі. Сондай-ақ, Гульбарам Саветкалиевна партияның, әйелдер қанатының қызметі мен жұмыс бағыттары туралы айтты.

Жетісу облысының «AMANAT» партиясы филиалынан университет ғылымының дамуына және жас ғалымдарды даярлауға қосқан үлесі үшін: п.ғ.д., профессор Сеитова Сабыркуль Макашевна; б.ғ.к., қауымдастырылған профессор (доцент) Бахтаулова Алефтина Сембаевна; т.ғ.к., қауымдастырылған профессор (доцент) Байгабатова Назгуль Кажимуратовна; фил.ғ.к., қауымдастырылған профессор (доцент) Кыяхметова Шара Асетовна; Ph.D, қауымдастырылған профессор (доцент) Нұрмұханқызы Дания; п.ғ.к., қауымдастырылған профессор (доцент) Усенова Аида Кажмухановна; Ph.D, қауымдастырылған профессор (доцент) Карашолакова Лаззат Наушабаевна; Ph.D, гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебі деканының ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары Шүкенай Гүлім Төлеуқызы; Ph.D, оқытушы-дәріскер Майлыбаева Гульмира Сабыровна; Ph.D, оқытушы-дәріскер Гаврилова Екатерина Николаевна алғыс хатпен марапатталды.

Ғалымдардың ғылыми-зерттеу қызметінің негізгі бағыттары – ғылыми жобаларды, коммерцияландыру жобаларын басқару және іске асыру, ғылыми еңбектерді жариялау, ғылым магистрлері мен PhD докторларын даярлау.

Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысатын әйелдердің үлесі 69%-құрайды, ал қаржыландырылатын ғылыми жобаларға қатысатын әйелдердің үлесі 81% – ға жетті.