Әдеби кеш

«Наркескен» әдеби клубының ұйымдастыруымен «Поэзия, менімен егіз бе едің?!» атты әдеби кеш өтті.

2024 жылғы 16 ақпан күні Гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебі және «Наркескен» әдеби клубының ұйымдастыруымен мұзбалақ ақын                       М. Мақатаевтың шығармашылығына арналған «Поэзия, менімен егіз бе едің?!» атты әдеби-сазды кеші өтті.

Жиынға «Жетісу» газетінің тілшісі, ақын Асыл Сұлтанғазы, Гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің деканы, философия докторы Айна Маратқызы, оқытушылар мен өңіріміздің әдебиет сүйер қауымы қатысты.

Әдеби-сазды кеш барысында ақиық ақынның шығармашылығына негізделген қойылымдар сахналанып, сезімге толы әсерлі әндері шырқалды. Үздік туындылары мен сырға толы өлеңдері жаңа форматта ұсынылды. Шараға қатысушылар сөз тізгінін алып, ұйымның бастамасына оң баға берді.

Кеш соңында Гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебі өткізген «Жазылар естеліктер мен туралы» атты жас ақындар мүшәйрасының жеңімпаздары марапатталды.