“Speaking Club”

Аптаның әр сәрсенбі күні Шетел тілдері және аударма ісі ББ бағдарламасының оқытушылары А.С.Доскельдина, Г.К.Тұрабай, Ж.А.Жалелова, А.Қ.Оспан, М.Ж.Жумагазиева, Г.М.Омарбекованың ұйымдастыруымен 1-4 курс студенттерінің арасында әр түрлі тақырыпта “Speaking club” өтеді. Клубтың мақсаты студенттердің айтылым, тыңдалым дағдысын дамыта отырып, коммуникативтік құзыреттілігін дамыту. Осы аптада студенттер «Философ» фильмін көріп, «Бункер» ойынын ойнады. Клубтың басты мақсаты-оқушылардың сөйлеу дағдыларын, сыни ойлауын дамыту. Біздің клубтың кездесуінде №14 мектеп-гимназиясының 9 сынып оқушысы Қасымхан Айым болды.