«Ашық сабақ»

22.02.2024 жылы Жаратылыстану жоғары мектебінің Фқ 211 тобының білімгерлерімен, оқытушы-ассистент Жақпаев Қ.Р. «Электр және магнетизм» пәні бойынша ашық сабақ өткізілді. Сабақтың тақырыбы «Электролиз заңдарына есептер». Білімгерлер сабақ барысында теориялық білімдерін практикада қолдана отырып, есептер шығарып, Quizizz платформасы арқылы кері байланыс берді. Ашық сабаққа комиссия мүшелері қатысып, сабақ бойынша сын-пікірлерін айтып, талқылау жасалды.