Жетісу облысы Әділет департаменті қызметкерлері құқық саласы бойынша білім беру бағдарламасының студенттеріне дәріс өткізді. Дәріс тақырыбы: Әділет органдарының негізгі қызметі және зияткерлік меншік құқықтарын қорғаудағы әкімшілік істерді жүргізу. Дәрісті Жетісу облысы Әділет департаментінің зияткерлік меншік құқықтарын қорғау бөлімінің басшысы Аубакиров Елтай Нүсіпбекұлы мен Құқықтық түсіндіру жұмысы және халыққа заңгерлік қызмет көрсету бөлімінің бас маманы Какимов Мақсат Нұртайұлы жүргізді. Кездесудің мақсаты Қазақстан Республикасының заңнамасын талдау, нормативтік құқықтық актілердің жобаларына заң сараптамасын жүргізу, мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыру, заң көмегін ұйымдастыру және көрсету, құқықтық насихаттау, зияткерлiк меншiк құқықтарын сақтау және қорғау саласындағы әкімшілік іс жүргізу тәртібімен таныстыру. Дәріс соңында студенттерге әкімшілік іс жүргізу кезінде азаматтардың құқықтарын қорғаудың тиімді тетіктері, сауатты құжаттарды толтыру, іс құжаттарын жүргізу тәртібі үйретілді.