Қонақ дәрісі

Құқық саласы бойынша білім беру бағдарламасының студенттеріне тұрғын үй құқығы пәнінен Отбасы банктің Жетісу облыстық филиалының көшбасшы кеңесшісі Алданазарова Сауле Кеңесқызы «Кондоминиум меншіктің ерекше нысаны ретінде» тақырыбында дәріс өткізді. Дәрістің мақсаты тұрғын емес үй-жайлардан, орынтұрақ орындарынан, қоймалардан және дара (бөлек) меншікте болмайтын және пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың, орынтұрақ орындарының, қоймалардың меншік иелеріне көппәтерлі тұрғын үй тұрған біртұтас бөлінбейтін жер учаскесін және (немесе) үй жанындағы жер учаскесін қоса алғанда, ортақ үлестік меншік құқығымен тиесілі ортақ мүліктен тұратын біртұтас мүліктік кешен бойынша ақпарат беру. Сонымен қатар Құқық саласы бойынша білім беру бағдарламасының студенттеріне Депозит Ашу онлайн/оффлайн, Ипотека рәсімдеу, төлем қабілеттілігін растау, үй алғанға дейін қызмет көрсету, мемлекеттік бағдарламаларының маңызы айтылды. Дәріс соңында студенттерге шот ашып, студенттердің сұрақтарына жауап берілді.