6В02302 – Филология ББ практикасы сәтті өтті

6В02302 – Филология  БББ  ФҚ 311 топ студенттерінің зерттеу  практикасыннан өтуі. 08.01.2024ж.-17.02.2024ж. аралығында гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебі, филология мамандығы бойынша 7 білімгер тиісті мемлекеттік мекемелерден зерттеу іс- тәжірибесінен өтті.  Атап айтсақ, Жетісу облыстық “Жетісу” газеті, Жетісу облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының ономастика және талдау бөлімі, “Жетісу” телеарнасының мұрағат бөлімі, журналистика.  

Зерттеу іс- тәжірибесі барысында ешқандай қиындық тудындамады. Білімгерлер көптеген ақпарат алып, мекеме қызметкерлерімен тез тіл табысып, әр іске жауапкершілікпен қарап, мекеме тәртібіне бағынып жұмыс атқарды.

Филология ғылымдарының кандидаты, оқытушы- лектор Чалтикенова Лаззат Аляхиметовнаның жетекшілігімен:

Нұрсерік Гүлдария Талдықорған қаласы “Жетісу” телеарнасының “Мұрағат” бөлімінде зерттеу іс-тәжірибесінен өтті. Іс-тәжірибе барысында мұрағат редакторы қызметін атқарып, жаңалықтардың раскадровкасын жасап, жауапкершілік таныта білді.

Қазтай Ақерке “Жетісу” телеарнасының “Жаңалықтар” бөлімінде  зерттеу іс-тәжірибесінен өтті. Іс-тәжірибе барысында тілші, диктор қызметін атқарды. Жаһан жаңалықтарына әртүрлі сюжет дайындап, көрермендерге әлемдегі өзгерістерді жеткізіп отырды.

Амангелдықызы Маржан Жетісу облыстық “Жетісу” газетінде зерттеу іс-тәжірибесінен өтті. Іс-тәжірибе барысында тілші, корректор қызметін атқарып, мақалалар жазды. Қоғамдағы өзекті мәселелерді қозғап, газет бетіне шығарды.

Ауғанова Ақжүніс Салыкқызы Жетісу облыстық “Жетісу” газетінде зерттеу іс-тәжірибесінен өтті. Іс-тәжірибе барысында тілші, корректор қызметін атқарып, мақалалар жазды. Мақала жазу барысында өзінің шеберлігін көрсете білді. Тіл маманы ретінде газет беттеріне өзекті мәселелерді жариялады.

Тогтган Айсұлу Жетісу облыстық “Жетісу” газетінде зерттеу іс-тәжірибесінен өтті. Іс-тәжірибе барысында тілші, корректор қызметін атқарып, мақалалар жазды. Алғашқы күннен бастап жайдарлы мінезімен ортасына сіңісіп, қиыншылықтарға мойымай кез-келген істі бірден үйреніп алды. 

Абдрахман Мадина Тіл сарайы, тілдерді дамыту және ономастика бөлімінде зерттеу іс-тәжірибесінен өтті. Іс-тәжірибе барысында ұйымдастырушы- әдіскер қызметін атқара отырып, өзін жоғары дәрежеде көрсете білді. Түрлі іс- шараларға қатысып, жиындарға барып, жиында қозғалған мәселелерді жазып отырды.

Әлімжан Сабина Тіл сарайы, тілдерді дамыту және ономастика бөлімінде зерттеу іс-тәжірибесінен өтті. Іс-тәжірибе барысында ұйымдастырушы- әдіскер қызметін атқарып, біліктілігін көрсетті. Тіл маманы ретінде тілдерді оқыту кезіндегі қиындықтар бойынша сауалнама жүргізді.

Филология ғылымдарының кандидаты, оқытушы- лектор Чалтикенова Лазат Аляхиметовнаның жетекшілігімен өткен зерттеу іс- тәжірибеміздің қызығы да, қиыншылығы да көп болды. Алайда, қиыншылықтар біз үшін ешқашан кедергі келтірмеді. Соңында жақсы нәтижемен практиканы аяқтап, университетке келіп есебін өткіздік.