«6В01701-Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасының 3-курс студенттерінің педагогикалық практикасы бойынша қорытынды конференция өтті

2024 жылдың 22 ақпанда «6В01701-Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасының 3-курс студенттерінің педагогикалық практикасы бойынша қорытынды конференция өтті. Іс-шараға ҚТӘ-311 тобының студенттері, педагогикалық практикаға жауапты оқытушылар М.Тумабаева, Е. Совет, Р. Асылова, практикаға жауапты кафедра оқытушысы Тумабаева М.Б. және практика жетекшісі Л. Чалтикенова қатысты. Студенттер 2024 жылдың 8 қаңтары мен 17 ақпан аралығында өткен педагогикалық практика бойынша өз есептерін ұсынды. Өздерінің баяндамаларында жетістіктерін, ұстаздық жұмыста болған әсерлері туралы айтып берді. Олардың пікірінше, әдіскерлердің, практика жетекшілерінің қолдауы өте маңызды болды. Конференция қорытындысы есеп беру құжаттарының нәтижесі бойынша студенттерге жақсы пікірлер мен ұсыныстар айтылды. Студенттер қорытынды конференцияға есеп бойынша презентациялар дайындады. Олардың құжаттары жақсы безендірілген, әдіскерлер тексеріп, бағаларын қойды. Осылайша, студенттердің практикадан сәтті өткенін атап өтуге болады.