«Арт-терапия және артпедагогика тәсілдері» тақырыбындағы ашық практикалық сабақ

29.02.24 ж. Педагогика және психология жоғары мектебінің «Оқыту және тәрбиелеу әдістемелері» білім беру бағдарламасының оқытушы-дәріскері, магистр Тажинова Гульнар Амангельдиновна 6В01201 – Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу білім беру бағдарламасының 3 курс студенттері МДқ 311 тобымен «Арт-терапия және артпедагогика тәсілдері» тақырыбында ашық практикалық сабақ өткізді.

 Ашық сабаққа білім беру бағдарламаларының профессор-оқытушы құрамынан: п.ғ.к., доцент Жолтаева Г.Н., п.ғ.к., доцент Капенова А.А., оқытушы-дәріскері, магистр Таурбекова А.С., оқытушы-дәріскері, магистр Алпысбаева Н.С., оқытушы-дәріскері  Есимбекова А.О. қатысып, ашық сабақ өте жоғары деңгейде өткенін және жаңа инновациялық технологиялар қолданылғанын атап өтті.