Қорытынды конференция

2024 жылдың 28 ақпанында сағат 15:00-де 6В01703-«Орыс тілі мен әдебиеті», 6В01704-«Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті» оқу бағдарламаларының 2 курс студенттерінің психологиялық-педагогикалық тәжірибесі бойынша қорытынды конференция өтті.
Қорытынды конференцияға БББ меңгерушісі Есимкулов Б.Н., БББ оқытушылары Сералиева Н.Ж., Абайдельданова М.Қ. және 2 курс студенттері қатысты.
Қорытынды конференцияда 2 курс студенттері аяқталған психологиялық-педагогикалық іс-тәжірибесі бойынша толық баяндамалар жасады. Барлық студенттер психологиялық-педагогикалық тәжірибе теориялық білімдерін жетілдіруге және тәлімгерлерден оң тәжірибе алуға мүмкіндік бергенін атап өтті.
Психологиялық-педагогикалық тәжірибенің қорытындысы шығарылып, бағалау жүргізілді. Студенттер өз қателерімен жұмыс жасап, БББ педагогикалық ұжымына психологиялық-педагогикалық практикалық іс-шараларды жүзеге асырудың жоғары деңгейі мен тиімділігі үшін алғыстарын білдірді.