Академиялық ұтқырлық

АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚ БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДАҒЫ АЛМАСУ

Ішкі академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында оқытушылардың өзара алмасу үрдісін жүзеге асыру мақсатында жаратылыстану-ғылыми бағыт бойынша білім беру бағдарламаларының жетекшісі, б.ғ.к. Оксикбаев Б.К. 11.03.2024-23.03.2024 аралығында С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің 6В01505-Биология, 6В01512-Биология-жаратылыстану білім беру бағдарламаларының 3-курс студенттеріне «Жаратылыстану пәндері бойынша мектепте критериалды бағалау жүйесі» пәнінен дәріс оқуда.

Түрлі инновациялық әдістерді қолдана отырып өткен дәріс және практикалық сабақтарға студенттер аса қызығушылықпен қатысып, қызу талқылауда.

Іссапар барысында Оксикбаев Берикжан Кылышбекович IT және жаратылыстану ғылымдары жоғары мектебінің деканы, PhD Адиканова  Салтанат Сайларбековна және биология кафедрасының меңгерушісі, б.ғ.к. Китапбаева Алмаш Анашбаевнамен алдағы өзара ынтымақтастық аясында жасалатын жұмыстардың жоспарын талқылады.