Семинар

Сіздерді «Халықаралық ғылымометриялық деректер базасы және іздеу жүйелері (Web of Science, Scopus және т.б.). ҒЖБСҚЕК мақаласын беру ережесі» тақырыбы бойынша 29 наурызда сағат 11:00-де бас корпустың 313 аудиториясында өткізілетін ғылыми семинарға шақырамыз.

Семинарда келесі мәселелер талқыланады:

1) Халықаралық ғылымометриялық мәліметтер базасы және іздеу жүйелері (Web of Science, Scopus және т. б.);

2) Web of Science, Scopus базасындағы автордың профилі;

3) Web of Science, Scopus дерекқорында ғылыми журналды қарау, талдау және журналдың жарияланымдық белсенділігін бағалау (процентиль, Q);

4) ҒЖБСҚЕК мақаласын беру ережесі.