Ғалымдарды марапаттау

Ғылым айының құрметіне 2023 жылдың қорытындысы бойынша Басқарма отырысының шешіміне сәйкес Clarivate Analytics компаниясының Journal Citation Reports (Жорнал Цитэйшэн Репортс) деректері бойынша 1-ші және 2-ші квартилге кіретін немесе Scopus дерекқорында кемінде 60 CiteScore (СайтСкор) көрсеткіші бар бірінші автор және (немесе) корреспондент-автор ретінде халықаралық рецензияланатын жоғары рейтингті ғылыми журналдарда жарияланған мақалалары үшін университет ғалымдары еңбектері және ғылымға қосқан үлесі үшін марапатталды:

  1. Шыныбекова Айжан Сахановна –  гуманитарлық  ғылымдар жоғары мектебінің қауымдастырылған профессоры (доценті);
  2. Тұрабай Гүлдана Келісқызы – гуманитарлық  ғылымдар жоғары мектебінің оқытушы-дәріскері;
  3. Ансабаева Айнур Дуйсеновна –  педагогика және психология жоғары мектебінің оқытушы-дәріскері;
  4. Мухашева Меруерт Бауыржановна – педагогика және психология жоғары мектебінің оқытушы-ассистенті;
  5. Ыбыраимжанов Калибек Турдыгазиевич – педагогика және психология жоғары мектебінің профессоры;
  6. Майлыбаева Гульмира Сабыровна – педагогика және психология жоғары мектебінің оқытушы-дәріскері;
  7. Нұрғабыл Дүйсебек Нұрғабылұлы – жаратылыстану жоғары мектебінің профессоры;
  8. Тукенова Наталья Иембергеновна – жаратылыстану жоғары мектебінің оқытушы-дәріскері;
  9. Лухманова Гульнар Койшыбаевна – құқық және экономика жоғары мектебінің оқытушы-дәріскері;
  10. Байдыбекова Салтанат Кенжебаевна – құқық және экономика жоғары мектебінің қауымдастырылған профессоры;
  11. Канапьянова Зауре Ниазбековна – техникалық ғылымдар жоғары мектебінің оқытушы-дәріскері;
  12. Карашолакова Лаззат Наушабаевна – ғылым және ғылыми жобаларды коммерциаландыру бөлімінің басшысы;
  13. Топаев Султан Орланович – постдокторант;
  14. Күребай Балжан Есенқызы – педагогика және психология жоғары мектебі, 8D01301 – Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі білім беру бағдарламасы, 2-курс докторанты.

Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті университет ғалымдарын ғылымды насихаттағаны үшін құттықтап, алғыс білдіреді, сондай-ақ шығармашылық табыс пен жаңа ашылулар тілейді!