1-30 сәуір аралығында өтетін «Ғылым айы» аясында жаратылыстану жоғары мектебінің ұйымдастыруымен «The Future of Science and Science for the Future» эссе байқауы өтеді.
Эссеге қойылатын талаптар
- 1.Көлемі: 1 бет (250-300 сөз);
- 2.Эссенің рәсімделуі:
Эссе мәтіні электронды түрде ұсынылады. Мәтін Microsoft Word мәтіндік редакторында Times New Roman шрифтімен терілген болуы тиіс, негізгі мәтін шрифтінің көлемі – 14, жоларалық интервал – біреулік. Бет параметрлері: А4, жиегі: сол жағы – 3 см, оң жағы – 1 см, жоғары жағы – 2 см, төменгі жағы – 2 см. Ұсынылған эсселер антиплагиат бағдарламасымен тексеріледі. Эссе мәтінінің жоғарғы жағында автордың аты-жөні мен білім беру бағдарламасы міндетті түрде көрсетілуі керек.
Байқаудың өткізілу тәртібі
- 1.Байқауға жаратылыстану жоғары мектебінің білім алушылары қатыса алады.
- 2.Материалдар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде қабылданады.
- 3.Жіберілген материалдар 2024 жылғы 01.04.2024-19.04.2024 аралығында қабылданады.
- 4.Ұйымдастыру комитеті ең үздік шығармашылық жұмыстарды анықтайды.
- 5.Шығармалар abdulayeva9aigerim@gmail.com почтасына жіберіледі.
Байқауға ұсынылған жұмыстардың мақсат, міндеттеріне, сапасына, өзектілігіне ерекше мән беріледі. Нәтижесі бойынша үздік жұмыстар дипломдармен марапатталады, «Жетісу университеті» газетінде жариялауға ұсынылады. «The Future of Science and Science for the Future» эссе байқауы жас ғалымдарды ғылымның дамуына және қоғамның болашағын қалыптастыруға ықпал ететін инновациялық идеялар мен шешімдерді іздеуге қолдау көрсетуге және шабыттандыруға арналған. Барлық қызығушылық танытқан білім алушыларды ғылымға деген көзқарастарымен және оның болашақтағы рөлімен байланысты ойларымен бөлісуге шақырамыз.