Көрме және дөңгелек үстел

Мемлекет және қоғам қайраткері Қ.И. Сәтбаевтың туғанына 125 жыл толуын, сондай-ақ Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің құрылғанына 90 жыл толуын мерекелеу аясында «Оптикалық технологиялар» көрмесі мен дөңгелек үстел өтті.

Аталған іс-шараға техника ғылымдары Жоғары мектебі деканының ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары Ауелбек М.А. және Жаратылыстану ғылымдары жоғары мектебінің «Математика және информатика» ББ 4 курс студенті Иманбетова А.М. қатысты.

«Электроника, телекоммуникация және ғарыштық технологиялар» кафедрасының оқытушылары TIR (Training in Robotics авторы Ауелбек М.А.) мобильді қосымшасына үлкен қызығушылық танытты және І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетімен өз түлектерін болашақ жұмысқа орналастыру, академиялық ұтқырлық және т. б. жағынан одан әрі ынтымақтастық мәселелеріне назар аударды.