Ішкі академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті заң факультетінің Кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының аға оқытушысы философия доктор (PhD) Р.Ережепкызы 11.03.2024-18.04.2024 аралығында І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің құқық саласы бойынша білім беру бағдарламасының студенттеріне «Жер құқығы» пәнінен дәріс өткізуде.
Ішкі академиялық ұтқырлық бағдарламасының басты мақсаты студенттерге жер құқығы пәнінен жерді пайдалану мен қорғау, жерді жеке меншікке және жер пайдалану құқығына беруге байланысты туындайтын қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған құқық нормаларды практикада дұрыс қолдануға үйрету болып табылады. Академиялық ұтқырлық бағдарламасы арқылы, Қазақ ұлттық университеті мен іскерлік қарым қатынасты дамытады.