Семинар

І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті Гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебі 2024 жылғы 09 сәуірде ғылым айлығы аясында өткізілетін «К.Сарбасованың ғылыми-әдістемелік еңбектері: таным, тәжірибе, инновация» атты республикалық ғылыми-әдістемелік семинарға шақырады.

Ғылыми-әдістемелік семинардың мақсаты – филологиялық пәндерді меңгертудің өзекті мәселелерін талқылау, К.Сарбасованың фонетика, лексикология, синтаксис салалаларын меңгертуге арналған ғылыми-әдістемелік еңбектерінің маңызын саралау, оқу-әдістемелік құрал әзірлеу әдістемесін тарату арқылы қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігін жетілдіру.

Өткізілу форматы: онлайн / оффлайн

Өткізілу уақыты: 10.00

Өткізілу орны: 313-мәжіліс залы

ZOOM идентификаторы: 998 656 1390

Коды: 5555