Конференция

Академик Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдық мерейтойына арналған «ХХІ ғасыр: ғылым және инновация» атты жас ғалымдар мен студенттердің республикалық ғылыми-практикалық конференциясы

2024 жылдың 5 сәуірінде І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде академик Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдық мерейтойына арналған «XXI ғасыр: ғылым және инновация» атты жас ғалымдар мен студенттердің республикалық ғылыми-практикалық конференциясы өтті.

Конференция жұмысы 3 бағыт бойынша өтті:

1. Заманауи жаратылыстану-ғылыми білім және оның даму перспективасы

2. Ғылым, техника және ақпараттық технологиялардың дамуы

3. Құқық, экономика және басқару саласындағы өзекті ғылыми зерттеулер.

Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің Басқарма мүшесі – ғылыми жұмыс жөніндегі проректоры, биология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор (доцент) Бахтаулова Алефтина Сембаевна қатысушыларды құттықтап, жыл сайын университет ғылым айында жас ғалымдар мен студенттердің ғылыми-практикалық конференциясының өтетінін және биыл Қазақстан көрнекті ғалым–геолог, қоғам және мемлекет қайраткері Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың 125 жылдық мерейтойы тойланатынын атап өтті.  Сонымен қатар, Алефтина Сембаевна академик К.Сәтбаевтың ғылыми мұрасын жалғастыру және күшейту қажеттігіне тоқтады.

Конференция жұмысына еліміздің, АҚШ, Италия және Ресей жоғары оқу орындарының жетекші ғалымдары, сондай-ақ университеттің жас ғалымдары қатысты. Конференцияның пленарлық отырысында Чошанов Мурат Аширович (Эль Пасодағы Техас университеті, АҚШ), Сенькина Гулжан Ержановна («Смоленск мемлекеттік университеті», Ресей), Хамитова Гулжан (Камерино университеті, Италия), Даулеткулова Айгул Утегеновна (Сүлейман Демирел атындағы университет, Алматы қ.), Топаев Султан Орланович(С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті, Астана қ.), сондай – ақ І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің жас ғалымдары – генетика және геномика зертханасының меңгерушісі Ермекбаев Қанат Абайұлы, оқытушы-дәріскер Мукашева Данагул Мадияровна; Робототехника және мехатроника зертханасының меңгерушісі Ибраимов Анет Советович қатысты.

Ғылым мен технологияның әртүрлі тақырыптары бойынша баяндамалар тыңдалып, талқыланды: күнделікті өмірде математика арқылы мәселелерді шешу, мұғалімдер мен оқытушылардың білімі, өсімдіктердің заманауи молекулалық селекциясы, автоматтандырылған педагогикалық жүйені модельдеу, Тейлор Коуэтт ағымының мысалында гидродинамикалық тұрақсыздықтарды зерттеу, эспрессо кофесінің экстракциясы, биология саласындағы білім алушылардың STEM технологиясының мүмкіндіктері, университеттегі робототехниканың дамуы.

Конференция қорытындысы бойынша академик Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдық мерейтойына арналған «XXI ғасыр: ғылым және инновация» атты жас ғалымдар мен студенттердің республикалық ғылыми-практикалық конференциясының мақалалар жинағы жарияланады. Қатысушыларға алғыс хаттар мен сертификаттар табысталды.