«К.САРБАСОВАНЫҢ ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК ЕҢБЕКТЕРІ: ТАНЫМ, ТӘЖІРИБЕ, ИННОВАЦИЯ» АТТЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК СЕМИНАР ӨТТІ
2024 жылғы 09 сәуірде І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде Гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің ұйымдастыруымен ғылым айлығы аясында «К.Сарбасованың ғылыми-әдістемелік еңбектері: таным, тәжірибе, инновация» атты республикалық ғылыми-әдістемелік семинар өтті.
Ғылыми-әдістемелік семинардың мақсаты – филологиялық пәндерді меңгертудің өзекті мәселелерін талқылау, К.Сарбасованың фонетика, лексикология, синтаксис салалаларын меңгертуге арналған ғылыми-әдістемелік еңбектерінің маңызын саралау, оқу-әдістемелік құрал әзірлеу әдістемесін тарату арқылы қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігін жетілдіру.
Семинар онлайн және оффлайн форматта өтті. Семинарға Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Ақтөбе облысы бойынша филиалы оқытушылары, Талдықорған инновациялық колледжі, Сарқан көпсалалы колледжі, Сарқан политехникалық колледжі мұғалімдері, Жамбыл облысы, Алматы, Балқаш, Тараз қаласы мектеп мұғалімдері, сондай-ақ Жетісу облысы мен Талдықорған қаласындағы 23 мектептен мұғалімдер қатысты.
Семинар барысында қазақ тілін оқытудың өзекті мәселелері талқыланды.