Қазақстандағы ғылым қызметкерлері күніне орай сәуір айының 11 жұлдызы І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің салтанат залында үлкен жиын өтті. Ғылымға үлес қосып, оның өркендеу жолында аянбай қызмет етіп жүрген профессор-оқытушылар құрамы мен білім алушылар марапатталды.
Шара барысында «Журналистика және ақпарат» ББ-ның PhD докторы Каримова Бибигуль Жумашовна ҚР-ның білім және ғылым саласын дамытуға елеулі үлес қосқаны үшін марапатталды. Сонымен қатар, журналистика мамандығының 3-курс студенті Баймұхан Гүлнұр Ермұханқызына ғылыми-зерттеу қызметіндегі жетістіктері мен оның дамуына қосқан үлесі үшін алхыс хат табысталды.
Барша марапат иелеріне ғылым жолындағы еңбектері сәтті және табысты болуын тілейміз. Алдағы уақытта да биік белестерді бағындыруларыңызға тілектеспіз.
![](https://zhetysu.edu.kz/wp-content/uploads/2024/04/WhatsApp-Image-2024-04-11-at-18.05.45-scaled-e1712836668980-919x1024.jpeg)
![](https://zhetysu.edu.kz/wp-content/uploads/2024/04/WhatsApp-Image-2024-04-11-at-18.07.17-scaled-e1712836757497-1024x497.jpeg)