Дөңгелек үстел

«Мектеп-ЖОО» жүйесіндегі ғылыми-зерттеу жұмысы

2024 жылғы 11 сәуірде жаратылыстану жоғары мектебінің ұйымдастыруымен ғылым айы аясында ««Мектеп-ЖОО» жүйесіндегі ғылыми-зерттеу жұмысы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелге жаратылыстану жоғары мектебінің профессор-оқытушылар құрамы, Талдықорған қаласы білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының әдіскері Кәкімбаева Қарлығаш Демесінқызы және жалпы білім беретін мектептердің мұғалімдері қатысты.

Дөңгелек үстел барысында мектеп пен ЖОО арасындағы ғылыми-зерттеу жұмысы саласындағы ынтымақтастық мәселелері талданды, үздік тәжірибелер таныстырылды, сондай-ақ «Мектеп-ЖОО» жүйесі шеңберінде ғылыми-зерттеу қызметін ұйымдастыру және қолдау бойынша ұсынымдар тұжырымдалды.