Дәріс

ОШ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ (ҚЫРҒЫЗ РЕСПУБЛИКАСЫ) ПРОФЕССОРЫНЫҢ ДӘРІСТЕРІ

03.04.2024 – 04.01.2024 аралығында сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында 8D01504 «Информатика» БББ мамандығының докторанттары үшін «Педагогикалық эксперименттің нәтижелерін өңдеудің математикалық әдістері» пәні бойынша Ош мемлекеттік университетінің математика, информатиканы оқыту технологиясы және білім беруді басқару кафедрасының профессоры (Қырғыз Республикасы), педагогика ғылымдарының докторы А.О.Келдібекова дәрістер өткізді.

Дәрістер педагогикалық зерттеулерде деректерді өңдеудің негізгі әдістеріне, яғни статистикалық талдау, корреляциялық талдау, регрессиялық талдау және т.б. арналды. Білімгерлер математикалық статистиканың негізгі ұғымдарымен және әдістерімен танысты, сонымен қатар алынған тәжірибе нәтижелерін талдау үшін оларды практикада қолдануды үйренді.