17.04.2024 ж. Ғылым айы аясында Педагогика және психология жоғары мектебінің ұйымдастыруымен “Subtle Science” атты 1 курс студенттеріне арналған ғылыми байқауы өтті. Мақсаты: студенттердің ғылыми және оқу-танымдық қызметін ынталандыру; зияткерлік әлеуетін қалыптастыруға жәрдемдесу.
Комиссия мүшелері:
- Кайкибаева Айнұр Сейдахметқызы, Ғылым және ғылыми жобаларды коммерцияландыру бөлімінің басшысы м.а;
- Мусекенова Айжан Айдыновна, Құқық және экономика жоғары мектебі деканының ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары;
- Желдибаева Райгүл Серікқызы, «Оқыту және тәрбилеу әдістемелері» БББ жетекшісі.
Байқау 3 кезеңнен тұрды:
1 кезең – «ЖУ Хабаршысы» журналы туралы бейне-ролик түсіру.
— ЖУ хабаршысын таңдаудың артықшылығы, шарттары мен ерекшеліктері;
— қызықты фактілер;
— еңбек нарығындағы мамандықтың қажеттілігі туралы ақпарат;
— таңдаған мамандығының өзін дамытудағы перспективалары сынды қойылған талаптарға сай жұмыстарын 7 команда қорғап шықты.
2 кезең — Мақала құрылымы
Командаларға мақаланың құрылымын дұрыс бағытта құрастырыңыз деген тапсырма беріледі. Тапсырманы бағалауда комиссия мүшелері орындалу жылдамдығына, тамсырманы дұрыс орындауына және сұрақтарға жауап бергендеріне қарай бағалады.
3 кезең — Викторина
Барлық командаларға ортақ ғылымға байланысты сұрақтар қойылады.
Байқаудың нәтижесі бойынша келесі жеңімпаздар анықталды:
1 орын – «Алау» командасы
2 орын – «Бірлік» командасы
3 орын – «Жалын» командасы Жеңімпаздар дипломмен марапатталып, сыйлықтар табысталды.