«Таза сессия» акциясы

2023-2024 оқу жылының жазғы емтихан сессиясын өткізу кезінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында Ильяс Жансүгіров атындағы университетінде «Таза сессия» акциясы ұйымдастырылды. 

«Таза сессия» акциясының негізгі мақсаты – құқықтық сананы, сыбайлас жемқорлық көріністеріне мүлдем төзбеушілікті және университет білім алушыларының,  ПОҚ қызметкерлерінің белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыру.

Акция аясында университетте білім беру ортасындағы бейресми қарым-қатынастар мен сыбайлас жемқорлықты жоюға бағытталған емтихан сессиясының объективтілігі мен ашықтығын қамтамасыз ету шаралары жүзеге асырылды. Университетте сыбайлас жемқорлыққа қарсы үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді. сессиясын өткізу кезінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында Ильяс Жансүгіров атындағы университетіңде ШТҚ 112, ШТҚ 113 топтарына сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға белсене атсалысуда, сондай-ақ сапалы білім алу құқықтары аясында «Таза сессияны» қадағалап, әділдік іздеуге шақырады.