«Таза сессия» акциясы

Алдағы жазғы сессия аясында ИЯР 221 және ИЯР 211 білімгерлерімен  «Таза сессия» тақырыбында түсіндірме әңгіме өткізілді. «Таза сессия» акциясының негізгі мақсаты әділ емтихандар өткізуге жәрдемдесу болып табылады. Акция білім беру ортасында академиялық адалдықтың жоғары стандарттарын сақтауға, сондай-ақ студенттердің этикалық принциптері мен құндылықтарын қалыптастыруға бағытталған.