2024 жылдың 17 сәуірінде ШТҚ 212 тобында эдвайзер С. Б.Дюсебаеваның басшылығымен «Таза сессия. Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» атты кураторлық сағаты өтті. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес өркениетті қоғам, мемлекетті нығайту барысындағы негізгі міндеттердің бірі болып табылады. Іс-шараның мақсаты жастарға сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің маңыздылығын, академиялық адалдықты сақтау және емтихандарға қатысу ережелерін түсіндіру болды.