Жаратылыстану жоғары мектебінде ғылым айы аясында жоспарланған «Robotics & STEM» тақырыбындағы семинарлар сериясы жалғасуда. SDU университетінің қауымдастырылған профессоры, п.ғ.к. Даулеткулова А.У. жоғары мектептің профессор-оқытушылар құрамы мен білім алушыларын инженерлік дизайн элементтерімен таныстырып, жоба дайындау бойынша практикалық ұсыныстарын айтты. Семинар өте мәнді де жоғары деңгейде өтті. Тыңдаушылар қызығушылық танытып, ризашылықтарын білдірді.
![](https://zhetysu.edu.kz/wp-content/uploads/2024/04/image-35-768x1024.png)
![](https://zhetysu.edu.kz/wp-content/uploads/2024/04/image-36-768x1024.png)