Ілияс Жансүгіровтің 130 жыл мерей тойына орай «Ұлы тұлғадан – ұрпаққа ұлағат!» тақырыбындатанымдық апталық ұйымдастырды

2024 жылдың 12-19 сәуір аралығында Акиық ақын Ілияс Жансүгіровтің 130 жыл мерей тойына орай «Ұлы тұлғадан – ұрпаққа ұлағат!» тақырыбында Педагогика және психология жоғары мектебі, оқыту және тәрбиелеу әдістемелері білім беру бағдарламасының оқытушы-дәріскері, PhD философия докторы Г.С. Майлыбаева ғылыми-танымдық апталық ұйымдастырды.
Ғылыми-танымдық апталық аясында «Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі» білім беру бағдарламасы, қашықтықтан оқыту бөлімі 131 топ студенттерімен ұлы тұлға ескерткішіне тағзым жасалып, ашық сабақ жүргізілді.
«Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі» білім беру бағдарламасы 1 курс магистранты Д. Төлепберген Талдықорған қаласы №14 орта мектеп 2 сынып оқушыларымен «Жыр дүлділі – ұлы тұлға» тақырыбында ашық тәрбие сағатын өткізді.
Талдықорған қаласында орналасқан Ілияс Жансүгіров мұражайы ашылуының 40 жылдығына орай, бастауыш сынып оқушыларымен саяхат ұйымдастырылды. Саяхат барысында мұражайға Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті ғалымдарының авторлық бірлестігінде дайындалған оқу құралы табысталды.