ИРН AP 19678345 «Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің зерттеушілік құзыреттіліктері арқылы шығармашылық қабілеттерін дамыту» жоба аясында «Болашақ педагог мамандардың  шығармашылық қабілетін дамыту» тақырыбындағы дөңгелек үстел болып өтті.

     Педагогтардың  кәсіби іс-әрекетінде  зерттеушілік құзыреттіліктері арқылы шығармашылыққа  жету жолдарын айқындау мақсатында 2024 жыл 24 сәуірде                            І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің ИРН AP 19678345 «Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің зерттеушілік құзыреттіліктері арқылы шығармашылық қабілеттерін дамыту» жоба аясында, педагогика және психология жоғары мектебінің  оқыту және тәрбиелеу әдістемелері білім беру бағдарламасының профессорлық оқытушы құрамы Қ.Т. Ыбыраимжанов, С.А. Фейзулдаева, А.С. Таурбекова, Б.Қ. Қыстаубаевалардың ұйымдастыруымен «Болашақ педагог мамандардың  шығармашылық қабілетін дамыту» тақырыбындағы дөңгелек үстел болып өтті.

      6В01301 «Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі» және  6В01201 «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу»  білім беру бағдарламасының білім алушыларына  педагогтардың  кәсіби іс-әрекетіндегі зерттеушілік, ізденушілік құзыреттіліктерін қалыптастыруға бағытталған әдіс тәсілдер талданды.       Дөңгелек үстелге Жетісу облысы мен Талдықорған орта мектеп педагогтары қатысты. «Бастауыш сынып білім алушыларының функционалды сауаттылығын қалыптастыру» тақырыбында К.Ушинский атындағы №7  орта мектеп  КММ бастауыш сынып мұғалімі А.Б.Суюндинова өз тәжірибесімен бөліссе, Көксу ауданы, Балпық би кенті «Балдаурен» бөбекжай балабақша меңгерушісі Л.А.Дюсенбаева, балабақша әдіскері А.Ж. Ермухаметова, балабақша тәрбиешілері А.Т. Оралбекова, Ж.Ж. Насимова, Г.Н. Қосжановалар  «Мектепке дейінгі ұйымдарда фребель технологиясының маңызы», «Балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін шелкография әдісін қолдану»,«Ертегілер әлемі» тәрбиелік мәні бар авторлық ертегілер,  «Балабақшада – Гипсограмманы қолдану» өзіндік ізденушіліктері арқылы шығармашылық тәжірибелерімен бөлісіп, болашақ педагогтарды шығармашылық жұмыс түрлерімен таныстырды.