Семинар

24-сәуірде С.Торайғыров атындағы Павлодар облыстық кітапханасында танымал балалар ақыны, Жазушылар Одағының мүшесі, қоғам қайраткері Мүбәрак Жаманбалиновтың туғанына 100 жыл толуына арналған әдеби шараға Педагогика және Психология жоғары мектебінің қауымдастырылған профессоры А.Б. Бакраденова бір топ студенттермен қатысып, сөз сөйледі. Ардагер-ұстаз балалар әдебиетінің негізін салған І.Жансүгіров туындыларындай, Мүбәрак ақынның өлең-ертегілері балабақшаларда, мектептерде қолданылуына орай, Жетісу университетінің ғылыми кеңесінің бекітуімен балалар әдебиеті жылы (2022) шыққан «Өрендерді өлеңменен өсірген» атты монографиясына қос мерейтой иелерінің шығармаларының оқытылу әдістемесін енгізгенін баяндап берді.  

Шараға қатысушылар, ұйымдастырушылар Жетісудан онлайн форматта байланысқа шыққан ардагер ұстазымызға дән риза болды.