Год: 2024

СЫРТҚЫ АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚ

 І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде сыртқы академиялық ұтқырлықты іске асыру мақсатында 2024 жылғы 01 қараша – 02 желтоқсан аралығында «Шетел тілі: екі шетел тілі» білім беру бағдарламасының 4-курс ШТқ411, ШТқ412 топтарының білім алушыларына «Екінші шетел тілінің коммуникативтік тренингі (Түрік тілі)» курсы өткізілуде. Курсты Түркия мемлекеті Нийде Омер Халисдемир университетінің гуманитарлық-әлеуметтік ғылымдар факультеті түрік тілі және әдебиеті кафедрасының …

СЫРТҚЫ АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚ Read More »

«Робототехника» бойынша үйірме

Үйірме туралы ақпарат: Үйірменің қызметі оқушылардың бастапқы инженерлік сауаттылығын дамытуға және қалыптастыруға бағытталған. Зертханада сіз робототехника сабақтарында алған біліміңізді іс жүзінде нығайта аласыз. Сонымен қатар, сіздер әртүрлі Start-up конкурстарға, чемпионаттарға және инженерлік жобалар бойынша олимпиадаларға қатыса алатын өз идеяларыңыз бен жобаларыңызды іске асыруға мүмкіндіктеріңіз болады. Үйірмеге жазылу үшін екінші оқу корпусының 320 кабинетіне өтіңіз (робототехника …

«Робототехника» бойынша үйірме Read More »

Ғылыми семинар

2024 жылғы 11-12 қарашада «STEM-білім берудің болашағы: физика-математика пәндерінің мұғалімдері үшін сын-қатерлер мен перспективалар» тақырыбында ғылыми семинар өтті. Аталған семинарға п. ғ. к., доцент, Ы. Алтынсарин атындағы ұлттық білім академиясының жетекші ғылыми қызметкері Шуыншина Шолпан Мырзақасымқызы қатысты

Классикалық механика бойынша дәріс

Физика-математика кафедрасының оқытушы-дәріскері, ф.м.-ғ.к. Г.К.Калжанова «Классикалық механика» пәні бойынша «Физика» білім беру бағдарламасының 3 курс білім алушыларына ашық дәріс сабағын өткізді. Классикалық механика бойынша ашық дәріс сабағы тербелмелі қозғалыс тақырыбына арналды. Дәрістің мақсаты білім алушыларға тербелмелі қозғалыстарды сипаттау кезіндегі екінші ретті дифференциалдық теңдеулерді шешуді үйрету болды. Дәріс барысында оқытушы материалды өз бетінше түсінуге бағыттайтын сұрақтар …

Классикалық механика бойынша дәріс Read More »

Семинар

19.11.2024 ж. Педагогика және психология факультетінде «Бастауыш сыныпта робототехниканы оқыту әдістемесі» атты оқыту семинары өткізілді. Семинар бастауыш сынып мұғалімдеріне арналғандықтан, қаламыздың мектептерінен бастауыш сынып мұғалімдері қатысты. Семинардың спикерлері және ұйымдастырушылары «Jas Galym 2024» жобасының грант иегерлері: Оқыту және тәрбиелеу әдістемелері кафедрасының оқытушы-ассистенті Мухашева Меруерт Бауыржановна және БПқ221 тобының студенттері Тоқтасынова Балжан және Серікбек Сандуғаш. Семинарға …

Семинар Read More »

Құттықтаймыз!

1 – 8 қараша күндері Талдықорған қаласында индоорхоккей бойынша Қазақстан Республикасының Кубогі өтті. Кубокке қатысқан Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті, Дене шынықтыру және өнер факультетінің 4 курс студенті Дилназ Олжабаева І орынды жеңіп алды. Жеңіс құтты болсын! #

AP19678345 «Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің зерттеушілік құзыретіліктері  арқылы шығармашылық қабілеттерін дамыту» жобасы аясындағы іс-сапар

04.11.-09.11.2024 ж. жобаның мүшелері жоспарға сәйкес Абай атындағы Қазақ ұлттық университетінің Бастауыш білім беру кафедрасына тәжірибе алмасу мақсатында іс-сапарға барды. Алғашқы күннен кафедра меңгерушісі Жумабаева А.Е. және кафедра оқытушылармен кездесіп, жоба бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды таныстырды, осыған сәйкес зерттеушілік құзыреттілікті дамыту бойынша құнды пікірлер мен қаралу керек әдебиеттер талқыланды. Р.М.Қоянбаевтың 85жылдығына орай өтіліп жатқан іс …

AP19678345 «Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің зерттеушілік құзыретіліктері  арқылы шығармашылық қабілеттерін дамыту» жобасы аясындағы іс-сапар Read More »

Шетелдік оқытушылардың дәрісі

2024 жылғы 10 қазан мен 8 қараша аралығында Педагогика және психология факультетінің Педагогика және психология кафедрасында Вильнюс университетінен (Вильнюс қаласы, Литва Республикасы) шақырылған шетелдік оқытушы, әлеуметтану ғылымдарының докторы Eglė Šumskienė екі пән бойынша оқу курс өткізді: #SDG #ЦУР #ТДМ

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы

2024 жылдың 4 қараша күні «Таза Қазақстан” акциясының аясында І.Жансүгіров атындағы Жетісу Университеті Жаратылыстану-техникалық факультетінің «Экология» мамандықтарының білімгерлері экологиялық акцияға шықты. Акцияның мақсаты-Талдықорған қаласының тұрғындары мен автокөлік иелерін қаланы таза ұстауға, автокөліктен қоқыстарды лақтырмауға, сауда үйлерінің маңында қоқыстарды тастамауға шақыру арқылы жас ұрпақты экологиялық мәселелерді шешуге үйрету.Акция шарасында қала тұрғындарына және автокөлік иелеріне қаланы таза …

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы Read More »

AI Assistant