Год: 2024

Құттықтаймыз!

22 – 26 қазан аралығында Индонезия мемлекетінің Депок қаласында әйелдер арасында индоорхоккей бойынша Азия Кубогі өтті. Оған Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті, Дене шынықтыру және өнер факультетінің 4- курс білімгері Дильназ Олжабаева қатысып, 1- орын алды. Дильназды жеңісімен құттықтаймыз! #SDG #ЦУР #ТДМ

Жеңіс құтты болсын!

1 – 8 қараша күндері Талдықорған қаласында индоорхоккей бойынша Қазақстан Республикасының Кубогі өтті. Кубокке қатысқан Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті, Дене шынықтыру және өнер факультетінің 4 курс студенті Дилназ Олжабаева І орынды жеңіп алды. Жеңіс құтты болсын!

Практикалық сабақ

Информатика және білімді цифрландыру кафедрасының оқытушы-ассистенті Айжан Маманқыззы Адамбекова ФҚ111 тобына «Электронды үкімет порталы қызметтермен жұмыс » тақырыбында ашық практикалық сабақ өткізді . Сабақта білім алушылар egov.kz порталының мүмкіндіктерімен танысып, электронды цифрлық қолтаңба және мемлекеттік қызметтерді алу жолдарын үйренді.

Кәсіптік бағдар беру жұмысы

2024 жылдың 08 қараша күні Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті, Педагогика және психология факультеті оқыту және тәрбиелеу әдістемелері кафедрасының меңгерушісі, PhD философия докторы Майлыбаева Гульмира Сабыровна, Педагогика және психология кафедрасы меңгерушісі, PhD философия докторы Альмухамбетова Бибигуль Жексембаевна Талдықорған қаласы №17 орта мектептің түлектеріне кәсіптік бағдар беру жұмысын жүргізді.Кәсіптік бағдар беру жұмысы барысында Педагогика және психология …

Кәсіптік бағдар беру жұмысы Read More »

Құттықтаймыз!

Құттықтаймыз!3 — 6 қараша аралығында Астана қаласында Қазақстан Республикасының Бочча бойынша Кубогі өтті.Паралимпиадалық спорт түріне университетіміздің Дене шынықтыру және өнер факультетінің 2 курс студенті Куаныш Аскарбеков қатысып, жүлделі І орынды иеленді.Қуанышты жарқын жеңісімен құттықтаймыз! #SDG #ЦУР #ТДМ

AI Assistant