Год: 2024

«Effective Assessment: Types, Rubrics, and Grading»

18 қазан 2024 жылы Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің Шетел тілдері және аударма ісі кафедрасының оқытушысы, Огайо штатында білім алып, «Болашақ» бағдарламасының түлегі Қайрбек Арайгүл кафедраның ПОҚ-на арналған «Effective Assessment: Types, Rubrics, and Grading» атты семинар өткізді. Семинардың басты мақсаты – оқытушылардың бағалау әдістерін жетілдіру, бағалау критерийлерін нақтылау және студенттердің білімін әділ бағалауда қолданылатын рубрикалар …

«Effective Assessment: Types, Rubrics, and Grading» Read More »

«Jas galym» университетішілік конкурсының қорытындысы жарияланды

2024 жылдың 11 қазанында Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде «Jas galym» жас ғалымдардың ғылыми және ғылыми-техникалық қызметінің нәтижелерін коммерцияландыру жобаларын қаржыландыруға арналған университетішілік байқауы өткізілді. Байқауға 21 өтінім қабылданды, оның ішінде комиссия құрамының бағалауы бойынша 8 жоба жеңімпаз атанды. 2025 жылғы 1 қаңтардан 31 желтоқсанға дейін іске асыру мерзімімен жалпы сомасы 16 000 000 теңге …

«Jas galym» университетішілік конкурсының қорытындысы жарияланды Read More »

SARAP:Қазақстандағы қоғамдық үрдістер: отбасы саясаты, азаматтық қоғам, стратегиялық коммуникация.

23 қазан күні тіл сарайында  «SARAP» эксперттік клубының «Қазақстандағы қоғамдық үрдістер:отбасы саясаты, азаматтық қоғам, стратегиялық коммуникация» атты аймақтық жиыны өтті. Жиынға Жетісу университетіндегі гуманитарлық факультеттің журналистика мамандығының 2-курс білімгерлері (ЖҚ 211,212)  қатысты. Қазақстандық Қоғамдық даму институтының басқарма төрағасының орынбасары Бейсенбаев Олжас Түсіпбекұлы сөз бастап, спикерлар мен тәріжибелі азаматтар сөз тізгінін жалғады. Білімгерлер азаматтық белсенділік, өркендеу …

SARAP:Қазақстандағы қоғамдық үрдістер: отбасы саясаты, азаматтық қоғам, стратегиялық коммуникация. Read More »

Кураторлық сағат

24 қазан 1 курс Ақпараттық жүйелер мамандығының АЖК-121 тобының жетекшісі Шалтабаев Алтай Аканович 25 қазан Республика күніне арналған кураторлық сағат өткізді.Кураторлық сағаттың мақсаты студенттердің Қазақстан Республикасының қалыптасу жолы туралы білімдерін байыту, азаматтық, патриоттық, туған жерге деген сүйіспеншілік сезіміне тәрбиелеу.

“ЕРЛІК” әскери-патриоттық еріктілер тобы

Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті, Дене шынықтыру және өнер факультетінің “ЕРЛІК” әскери-патриоттық еріктілер тобы ҚР ҚМ ӘСКЕРИ ТЕХНИКАЛЫҚ мектебінің әскери бөліне барып күн тәртібімен танысып, Ұлы Отан және Ауған соғысы ардагерлерінің мұражайын тамашалап қайтты.

«Елім дегендер» атты өзге этнос өкілдері арасындағы Республикалық шығармашылық байқау

«Zhansugurov college» 405 “Бастауыш білім беру” мамандығының білімгері Подгорнова Екатерина Қазақстан Республикасының Мәдениет және Ақпарат министрлігінің ұйымдастыруымен Республика күні қарсаңында ұйымдастырылған «Елім дегендер» атты өзге этнос өкілдері арасындағы Республикалық шығармашылық байқауына белсене ат салысып, “Көркем сөз” номинациясында ІІІ орынға және 100 000 тг сертификатқа ие болды!

Футзал-мерекелік ойын

25 қазан – Республика күніне орай Физика – математика факультетінің ұйымдастыруымен оқытушылар мен білімгерлер арасында футзалдан жарыс өтті. Тартысты жарыста «Физика» мамандығының 3 курс білімгерлері – 1-орын, қонақ команда Жаратылыстану – техникалық факультетінің оқытушылары – 2-орын, Физика – математика факультетінің оқытушылары 3-орын иеленді. Жарыстың үздік ойыншылары бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Дені сау жастар — ел болашағы

Алдын алу жұмыстары аясында Жетісу университетінің психологы Г.Б. Исламжанова студенттердің «Облыстық психикалық денсаулық орталығына» және Наркологиялық диспансерге баруын ұйымдастырды. Студенттер нарколог-дәрігерлердің жұмысымен танысып, зертхана мен қабылдау бөлімін аралап, айықтырғыштың не екенін білді. Олар алкоголь мен есірткіге тестілеудің қалай жүргізілетінін тәжірибе жүзінде көрді. Жетісу облыстық Психикалық денсаулық орталығының нарколог-дәрігері, психиатр Максат Бейбитович Ергабылов орталықтың қызметкерлерінің кәсіби …

Дені сау жастар — ел болашағы Read More »

AI Assistant