Год: 2024

Дене шынықтыру  және өнер факультетінің оқытушы-дәріскері  Акхожин С.А. «Музыкалық штрихтарының негізгі түрлері және олардың дыбыс шығару әдістері» тақырыбында 119 аудиторияда 12:20-13:10 ашық сабақ  өткізді.

Мақсаты: Музыкалық орындаушылық өнер саласында кең білімді меңгеру, музыкалық аспаптарда ойнауды дамыту. Музыка мұғалімінің орындаушылық шеберлігін хор ұжымында және хорды дирижерлау барысында оқу, жаттығу шеберліктерін шыңдау кәсіби дәрежеде орындаушылықты дамыту көзделген.

«Президенттік миля»

20.09.2024 ж. І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің профессорлық – оқытушылар құрамы, қызметкерлері мен студенттері арасында өткен «Президенттік миля» жарысында Физика – математика факультеті жүлделі орындарға ие болды. Атап айтсақ: Тасболатова Р.(1 – орын), Молдакулов Б.(1 – орын), Жақпаев Қ.(2 – орын), Забиева К.(2 – орын), Қастеева Г.(3 – орын), Ермұханов Д.(2 – орын), Хый А.(3 – …

«Президенттік миля» Read More »

«Тіл шебері-2024» жүлделі 1-ші орын🥇

Қазақстан халқы тілдері күніне, Талдықорған қаласының 80 жылдығына орай үш тілді жетік меңгерген жастар арасындағы «Тіл шебері — 2024» байқауында 302 РяЛ тобының студенті Базарханова Амина жүлделі 1-орынды иеленді.Жетекшілері: Макеева К.М., Айнакузева Р.Б., Корабаева М.С.Біз Сіздерді шын жүректен құттықтаймыз! Колледжіміздің бағындырар белестері көп болсын!!!

Дәріс

Мемлекет Басшысының 2024 жылғы 2 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауын орындау мақсатында 2024 жылы 24 қыркүйек сағат 12.00-де №1 оқу ғимаратының Акт залында мемлекеттік басқару және менеджмент кафедрасының меңгерушісі Сыздыкбаева Нургуль Байшариповна «Қаржылық сауаттылық» тақырыбында дәріс оқиды.

Enactus Zhetysu

Бүгін І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің ұжымы «Enactus Zhetysu» командасын әлемдік чемпионатқа шығарып салды.⠀ «Enactus Zhetysu» командасының жетістіктері орасан, еңбегі зор.⠀ Сіздерге тек университет емес, бүтін республика жауапкершілік жүгін артып отыр. Университет атынан барынша қолдау көрсеттік. Әлемдік чемпионатқа сеніммен аттанып, жарқын жеңіспен оралыңыздар!» — деді басқарма төрағасы – ректор Ермек Бөрібаев.⠀ Университеттің ардагер оқытушылары Амангелді …

Enactus Zhetysu Read More »

Ғылыми-зерттеу жұмыстары

Академиялық ұтқырлық аясында Жилин университетінің (Г.Жилин, Словакия Республикасы) профессорлары Мариан Янига мен Мартина Хаас және жаратылыстану-техникалық факультетінің профессор-оқытушылар құрамы Жетісу тауларына ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізді. 18.09.2024 ж. Жетісу Алатау тауларында биік таулардың экологиялық объектілерін зерттеу үшін бірлескен экспедиция ұйымдастырылды, мұздықтардың ластануына арнайы сынамалар алынды, сондай-ақ зерттеу барысында осы аймақта мекендейтін құстар зерттелді. Экспедицияның тағы бір міндетіне …

Ғылыми-зерттеу жұмыстары Read More »

«ҚР Президентінің Жолдауын талқылау» тақырыбындағы кураторлық сағат

Ағымдағы аптада РЯЛ 211, РЯЛ 221, РЯЛ 311 топтарының студенттері эдвайзер К.А.Чеснокованың басшылығымен «Әділ Қазақстан: заң және тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауында айтылған реформаларды талқылады. Білім алушылар Президенттің экономика мен адами капиталды дамытуға қатысты бастамаларына назар аударды.

Менің жетістігім – менің нәтижем

Дене шынықтыру және өнер факультетінің оқытушы – дәріскері, п.ғ.к. қауымдастырылған профессор (доцент), ҚР «Мәдениет саласының үздігі», халықаралық «Этномәдениет» ОШО ҚБ жетекшісі, 130-ға жуық оқулықтар, оқу-әдістемелік және дидактикалық оқулықтарының, ҚР мектептеріне арналған ЖББ мемлекеттік және кәсіптік білім беру стандартының авторы Н. Адамқұлов ДҚ 311, 411 топтарымен «Менің жетістігім – менің нәтижем» тақырыбында тәрбие сағатын өткізді.

Қазақстан халқына Жолдауы-2024

Дене шынықтыру және өнер жоғары факультетінің оқытушы-ассистенті А.Бараков ДР311 топ білім алушыларымен «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы-2024» тақырыбында тәрбие сағатын өткізді.

Мемлекет басшысының Қазақстан Республикасы халқына жолдауына «Әділетті Қазақстан: құқық тәртібі, экономикалық өрлеу, қоғамдық оптимизм» байланысты «ашық кураторлық» сағат өткізілді

2024 жылдың 09 қыркүйегінде 11:25-те І. Жансүгіров атындағы Жетісу Университеті, тарих және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының «Тарих» мамандығының 3-курс білімгерлері мен топ кураторы Б.Т. Калиева Мемлекет басшысының Қазақстан Республикасы халқына жолдауына «Әділетті Қазақстан: құқық тәртібі, экономикалық өрлеу, қоғамдық оптимизм» байланысты «ашық кураторлық» сағат өткізілді.

AI Assistant