Симпозиум

                           

                   ХІІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТҮРКІ ӘЛЕМІ ЗЕРТТЕУЛЕРІ СИМПОЗИУМЫ

 Гуманитарлық факультеттің оқытушы-дәріскерлері Г.Тлегенова, Г.Шүкенай, Д.Есимбекова және педагогика және психология факультетінің оқытушы-дәріскері А.Есимбекова 2025 жылғы 20-24 мамырда Түркияның Нийде Омер Халесдемир университетінде өткен ХІІ Халықаралық түркі әлемі зерттеулері симпозиумына қатысты.

         Симпозиумда Қазақстан, Түркия, Әзірбайжан, Өзбекстан, Қырғызстан, Молдова елдерінен келген ғалымдар түркітанудың өзекті мәселелерін талқылады. Бұл ғылыми жиын Нийде Омер Халисдемир университеті, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті және Баку Еуразия университетінің бірлесіп ұйымдастыруымен өткізілді.

         Симпозиумның басты тақырыбы – «Түркі мемлекеттері арасындағы жоғары білім беру саласындағы ынтымақтастық». Негізгі бағыттары: түркі тілдері, әдебиеті және тарихы; мәдениет, өнер және медиа; білім беру және академиялық ұтқырлық; аймақтық мәселелер мен халықаралық қатынастар; экономика, бизнес және басқару; түркі әлеміндегі гендерлік мәселелер.

         Бұл симпозиум Түркия, Қазақстан, Әзербайжан, Өзбекстан, Қырғызстан және басқа да елдерден келген ғалымдар мен зерттеушілердің басын қосып, түркі халықтары арасындағы ғылыми байланыс пен мәдени алмасуды нығайтуға септігін тигізді.

       

Введите текст заголовка

Leave a Comment

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *