Год: 2025

“LinguaFest” тілдер апталығы

І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде “LinguaFest” тілдер апталығы өтеді Шетел тілдері және аударма ісі кафедрасы 2025 жылдың 23–26 қыркүйек аралығында дәстүрлі LinguaFest тілдер апталығын өткізеді. Апталық аясында студенттер арасында түрлі іс-шаралар ұйымдастырылып, білімдері мен шығармашылық қабілеттерін сынауға мүмкіндік беріледі. Іс-шаралар келесі тілдер бойынша өтеді: Қазақ – түрік тілдері Ағылшын – неміс тілдері Қытай – корей …

“LinguaFest” тілдер апталығы Read More »

«30 игі іс» акциясы

Жетісу облысы Төтенше жағдайлар департаменті ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің құрылғанына 30 жыл толуына орай «30 игі іс» акциясын ұйымдастырды. Осы шара аясында Жаратылыстану-техникалық факультеті «Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі» мамандығының 3 курс студенттері Талдықорған қаласы Жедел-құтқару жасағының базасында арнайы техника мен авариялық-құтқару жабдықтарының көрмесін, зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету жолдарын, кинологиялық есеп …

«30 игі іс» акциясы Read More »

«ҮЗДІК ПЕДАГОГ- 2025»

І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің «Zhansugurov college»-нің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы, педагог-зерттеуші Макеева Камшат Маулетовна Жетісу облысының ТжКББ ұйымдарының оқытушылары арасында «ҮЗДІК ПЕДАГОГ- 2025» байқауының жеңімпазы атанып, республикалық байқауға жолдама алды. Құттықтаймыз!!! 💐💐💐

«Болашаққа бірге қадам»

І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде 1 курс білімгерлеріне арналған «Болашаққа бірге қадам» атты салтанатты жиын өтті. Университет табалдырығын енді аттаған Жаратылыстану-техникалық факультетінің білімгерлері мен олардың ата-аналарына факультет деканы, т.ғ.д. Андасбаев Ерлан Сүлейменұлы факультет басшылығын және ұжымын таныстырып,  құттықтады.

Шоқан Уәлиханов — 190

Шоқан ауылында Шоқан Уәлихановтың 190 жылдығына арналған ғылыми-практикалық семинар өтті.  І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті гуманитарлық факультет қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының қауымдастырылған профессоры Ансабаев Дүйсен Сандыбайұлы баяндама жасап,  Жанғазы Жексенбаевпен жазған «Шоқаным- Отаным» әнінің тұсаукесу рәсімі өтті. Ш.Уәлиханов атындағы мектеп оқушылар көрініс қойып, аудан өнерпаздары концерттік бағдармаларын көрсетті. Кеш Дүйсен Сандыбайұлының қаламынан туған Кербұлақ ауданы …

Шоқан Уәлиханов — 190 Read More »

Жетісу университеті мен Coursera жаңа мүмкіндіктер үшін күш біріктірді

2023 жылдан бастап Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті жаһандық білім беру жобасы – Coursera-ға қосылып, студенттерге әлемнің алдыңғы қатарлы онлайн-курстарына жол ашты. Бүгінгі таңда 3000-ға жуық студент түрлі курстардан өтіп, жаңа білім мен дағдыға ие болды. Оқытудың нәтижесінде табысты студенттік стартап-бастамалар туындады. Олардың қатарында университеттегі цифрлық коммуникациялар саласындағы жобалар (ZU Connect), агроөнеркәсіптік сектордағы (OSIM Agro), …

Жетісу университеті мен Coursera жаңа мүмкіндіктер үшін күш біріктірді Read More »

ХАБАРЛАНДЫРУ

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің BR24993150 «Мүмкіндігі шектеулі білім алушыларды бейін алды даярлауға психологиялық-педагогикалық қолдауды ұйымдастыру» бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру аясында І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті базасында «МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ АДАМДАРДЫ ИНТЕГРАЦИЯЛАУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК БЕЙІМДЕУ ҮРДІСТЕРІ МЕН ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ» тақырыбында дөңгелек үстел өткізіледі. Дөңгелек үстелдің мақсаты – инклюзивті білім беру ортасын дамытуға және мүмкіндігі шектеулі …

ХАБАРЛАНДЫРУ Read More »

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

14 қыркүйекте Шымкент қаласында ерлер мен әйелдер арасында марафон, жартылай марафон және 10 шақырым шосседегі Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Онда Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті, Дене шынықтыру және өнер факультетінің студенттері өнер көрсетіп жүлделі орыннан көрінді. 21 шақырымдағы жартылай марафонда Сания Құдайберген — І орын, Есенбол Жаңабек — ІІ орын алса, 10 шақырым қашықтықта Айбол …

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! Read More »

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

14 қыркүйек 2025 жылы Шымкент қаласында өткен ерлер мен әйелдер арасындағы марафон, жартылай марафон және 10 км шосседегі Қазақстан Республикасының чемпионатындаІлияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті, Дене шынықтыру және өнер факультетінің білім алушылары үздік нәтиже көрсетті:Жартылай марафон – 21 км:Құдайберген Сания — І орынЖаңабек Есенбол — ІІ орын10 км:Омар Айбол — ІІ орынУниверситетіміздің абыройын асқақтатқан жеңімпаздарымызға …

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! Read More »

Кәсіптік бағдар: Еңбекшіқазақ орта мектебі оқушылары Жетісу университетінде

2025 жылдың 12 қыркүйек күні Көксу ауданы Еңбекшіқазақ орта мектебінің 10-сынып оқушылары І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетіне, соның ішінде Гуманитарлық факультеттің Тарих және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасына келіп, кәсіптік бағдар беру шарасына қатысты. Шара барысында оқушыларға университеттің оқу үдерісі, мамандықтардың ерекшеліктері мен болашақтағы мүмкіндіктері туралы толық ақпарат берілді. Университет оқытушылары мен студенттері мектеп оқушыларымен еркін сұхбат …

Кәсіптік бағдар: Еңбекшіқазақ орта мектебі оқушылары Жетісу университетінде Read More »

AI Assistant