Год: 2025

🎓 Дене шынықтыру және өнер факультетінің түлектеріне сәттілік тілейміз! 🎉

Құрметті түлектер!Бүгін – сіздердің еңбектеріңіздің, табандылықтарыңыз бен армандарыңыздың нәтижесін көретін ерекше күн! Университет қабырғасынан алған білімдеріңіз бен дағдыларыңыз өмір жолында сенімді серіктеріңізге айналсын. Әрбір басқан қадамыңыз сәттілікке, шабытқа және жарқын болашаққа бастасын!Сіздердің бойларыңыздағы қайсарлық пен шығармашылық қуат – қоғамға қажет. Өнерде де, спортта да биік белестерден көріне беріңіздер! 💫 Алда әлі талай жетістіктер, жаңа белестер …

🎓 Дене шынықтыру және өнер факультетінің түлектеріне сәттілік тілейміз! 🎉 Read More »

«Асыл қазына университеті» жобасын іске асыру аясында «Қаржылық сауаттылық: құралдар, тәуекелдер және жеке жоспарлау» тақырыбында семинар

Құзыреттілік және қосымша білім беру орталығы Экономика және сервис кафедрасымен бірлесіп 2025 жылғы 19-20 маусымда «Қаржылық сауаттылық: құралдар, тәуекелдер және жеке жоспарлау»тақырыбында семинар өткізді. Семинар университет (55+) оқытушылары арасында қаржылық мәдениет деңгейін арттыру мақсатында «Асыл қазына университеті» жобасын іске асыру аясында ұйымдастырылды. Семинарға түрлі факультеттерден 18 оқытушы қатысты. Семинар барысында қаржылық қауіпсіздік негіздері және қаржылық …

«Асыл қазына университеті» жобасын іске асыру аясында «Қаржылық сауаттылық: құралдар, тәуекелдер және жеке жоспарлау» тақырыбында семинар Read More »

Кәсіптік бағдар беру жұмысы

І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті  және Үштөбе гуманитарлық колледжі арасындағы ынтымақтастықты жүзеге асыру мақсатында құрылған меморандум негізінде екі білім беру мекемесі арасында ғылыми-әдістемелік жұмыстар жүзеге асырылуда. Осы ретте, Оқыту және тәрбиелеу әдістемелері кафедрасының меңгерушісі, PhD философия докторы Г.С. Майлыбаева және оқытушы-дәріскер, магистр М.С. Байдилданова Үштөбе гуманитарлық колледжінде кәсіптік бағдар беру жұмысын жүргізіп, колледж ұжымымен «Мектепке …

Кәсіптік бағдар беру жұмысы Read More »

І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті Қазақстанның көпсалалы жоғары оқу орындары арасында үздік үштікте!

Білім берудегі сапаны қамтамасыз ету жөніндегі тәуелсіз агенттігі  (IQAA – Ranking)  жүргізген Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындарының ұлттық рейтингі – 2025  қорытындысы бойынша  «І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті» КеАҚ әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-мен қатар Қазақстанның көпсалалы жоғары оқу орындары арасында ТОП-3-ке енді. 2025 жылғы институционалдық рейтингке республиканың 30 жоғары оқу орны қатысты. Студенттер, жұмыс берушілер мен түлектер …

І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті Қазақстанның көпсалалы жоғары оқу орындары арасында үздік үштікте! Read More »

Жетісу университетінің қабылдау комиссиясы жұмысын бастады.

І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің қабылдау комиссиясы жұмысын бастады. 2025-2026 оқу жылына талапкерлерден жоғары оқу орындарына түсу, мемлекеттік білім гранты конкурсына өтініш беру, магистратураға кешенді тестілеу тапсыру, докторантураға оқуға түсу емтихандары бойынша өтініш пен құжаттар қабылдайды. Жаз бойы талапкерлерге 15 техникалық хатшы, 3 кеңес беруші қызмет көрсетеді. Университет басшылығы қабылдау комиссиясының маңызды кезеңдегі жұмысына ерекше назар …

Жетісу университетінің қабылдау комиссиясы жұмысын бастады. Read More »

ХІІІ жазғы Универсиада жеңімпаздарын құттықтау

Бүгін Жетісу университетінің ұжымы Түркістан қаласында өткен ҚР жоғары оқу орындары арасындағы ХІІІ жазғы Универсиада жеңімпаздарына құрмет көрсетті. Басқарма Төрағасы — ректор Ермек Бөрібаев спортшы студенттерге және олардың бапкерлеріне алғыс айтты. «Еліміздің рухани астанасы Түркістанда өткен Универсиадаға еліміздің 76 жоғары оқу орны қатысты. Жетпіс алты университеттің ішінде Жетісу университеті 8 орыннан көрінді. Бұл үлкен жетістік. …

ХІІІ жазғы Универсиада жеңімпаздарын құттықтау Read More »

Ынтымақтастық жөніндегі меморандум

23.06.2025 жылы Қазақстан Республикасының еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Жетісу облысы бойынша департаментімен Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Меморандум шеңберінде тараптар бірнеше негізгі бағыттар аясында бірлескен жұмыстарды іске асыруды жоспарлап отыр. Олардың арасында – еңбек қатынастарын реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру, Қазақстан Республикасы …

Ынтымақтастық жөніндегі меморандум Read More »

Ғылыми семинар

2025 жылғы 23 маусымда физика-математика факультетінде Agri Ibrahim Çeçen университетінің (Түркия) Education факультетінің профессоры Mehmet Fatih Öçal қатысуымен ғылыми семинар өтті. Кездесу барысында профессор Mehmet Fatih Öçal қатысушыларды Агрыдағы Ибрахим Чечен университетімен таныстырды және Түркияның білім беру жүйесінің ерекшеліктері туралы баяндады. Сонымен қатар, ол математиканы оқыту әдістемесі саласындағы ғылыми ізденістерінің нәтижелерін, атап айтқанда оқушылардың танымдық …

Ғылыми семинар Read More »

Докторлық диссертация қорғау

2025 жылдың 23 маусымында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде философия докторы (РhD) дәрежесін беру үшін құрылған Диссертациялық кеңесте «8D01701 — Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасының докторанты Токтанова Асель Керимовна «Филолог-студенттердің тілдік рефлексиясын дамыту әдістемесі» тақырыбындағы диссертациялық жұмысын сәтті қорғады. Ғылыми кеңесшісі: қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының қауымдастырылған профессоры Джакыпбекова Мамиля Тургамбаевна.

AI Assistant