Год: 2025

І. Жансүгіров атындағы облыстық әдебиет мұражайы

Физика-математика факультеті, Информатика және білімді цифрландыру кафедрасының оқытушы-дәріскері, эдвайзер Н.Ермекова ИҚ 111, МИҚ 111 топтарымен 17.05.25 күні І. Жансүгіров атындағы облыстық әдебиет мұражайына барды. Мұражайда білімгерлер Ілияс Жансүгіровтың өмірбаянымен танысып,ол кісінің пайдаланған жәдігерлерін көрді.Мәдени мұрамен рухани байып, ақынның өмірі жайлы толық мәлімет алып қайтты.

«ЖАНСҮГІРОВ ТАҒЫЛЫМЫ»

атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция Сізді 2025 жылғы 17 сәуір күні өтетін «Жансүгіров тағылымы» атты жас ғалымдар мен студенттер арасындағы Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясына шақырамыз. 📍: Бас оқу ғимараты, 313 мәжіліс залы📅: 17 сәуір 2025 ж.⏰: 10:00

Жас ғалыммен кездесу

Ғылым декадасы аясында Педагогика және психология факультетінің оқытушысы Байдилданова Марал Сейтжановна 1-2 курс студенттердің жас ғалым,  Талдықорған жоғары политехникалық колледжінің директоры философия докторы (PhD) Нұрғожаев Шыңғыс Болатұлымен кездесу ұйымдастырды. Бұл кездесудің мақсаты – студенттердің ғылымға деген қызығушылығын арттыру, болашақ мамандыққа бағыт-бағдар беру және жас буынға мотивация беру. Шыңғыс Болатұлы  өзінің ғылыми ізденістер жолындағы тәжірибесімен бөлісіп, …

Жас ғалыммен кездесу Read More »

Жас ғалымдар мен докторант, магистранттарға арналған ғылыми семинар

Ғылым декадасы аясында І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде жас ғалымдар мен докторант, магистранттарға арналған ғылыми семинар өтті.Семинар барысында ҚР ҰҒА Жас ғалымдар кеңесінің президиум мүшесі, «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының лауреаты, PhD докторы Диас Тастанбеков «Технологиялық дайындық деңгейлері (TRL) және коммерцияландыру: табысты жобалардың стратегиялары» тақырыбында сүбелі баяндама жасады. Технологияларды коммерцияландыру жөніндегі мамандар Альянсының жетекшісі Арын …

Жас ғалымдар мен докторант, магистранттарға арналған ғылыми семинар Read More »

“АУЫЛ ОЙЫНДАРЫ — 2025”

Ауыл партиясының 25 жылдығына орай “АУЫЛ ОЙЫНДАРЫ — 2025” атты Республикалық турнирдің іріктеу жарысында «Zhansugurov college» — нің білімгерлері жүлделі орындарға ие болды.Атап айтқанда:Ләңгі тебу:Ернұр Риза 1 — орын;Мұқанов Мақсат 3 — орын.Тоғызқұмалақ:Муратова Дильназ 2 — орын;Қаржаубай Абзал 2 — орын;Медетқызы Ажар 3 — орын.Арқан тарту:Манатұлы Нұрбол 3-орын;Байгалиева Амина 3-орын;Ғабитқызы Салтанат 3-орын;Тұрсынмағамбет Сымбат 3-орын.Садақ ату:Дүйсембай …

“АУЫЛ ОЙЫНДАРЫ — 2025” Read More »

Студенттер арасында квиз ойыны

Физика-математика факультетінің STEM зертханасының ұйымдастырумен ғылым декадасы аясында білім алушылар арасында квиз интеллектуалдық ойыны өткізілді. Ойын жастарды белсенді ортаға тарту, жан-жақтылыққа, шапшаңдыққа, шығармашылыққа, топпен жұмыс істеуге және интеллектуалды дамыту мақсатында ұйымдастырылды. 5 кезеңнен тұратын тартысты әрі қызықты өткен ойында «Сұңқар» командасы І орынды иеленді. Ойын жеңімпаздары және белсене қатысушылар ұйымдастырушылар тарапынан арнайы дипломдармен марапатталды. Барлық …

Студенттер арасында квиз ойыны Read More »

«Лудоманияның отбасылық қарым-қатынастарға әсері»

Дене шынықтыру және өнер факультетінің ФКР 211 тобының білім алушыларымен оқытушы — дәріскері С.Сочин «Лудоманияның отбасылық қарым-қатынастарға әсері» тақырыбында тәрбие сағатын өткізді.

«Технологиялық дайындық деңгейлері (TRL) және коммерцияландыру: табысты жобалардың стратегиялары»

Құрметті жас ғалымдар, докторанттар мен магистранттар! Сіздерді «Технологиялық дайындық деңгейлері (TRL) және коммерцияландыру: табысты жобалардың стратегиялары» тақырыбында өтетін ғылыми семинарға шақырамыз! 🔹 Семинар форматы: оффлайн🔹 Күні: 15 сәуір 2025 жыл🔹 Уақыты: 15:00🔹 Өтетін орны: Бас оқу ғимараты, 313 конференц-зал Спикерлер: Семинар барысында талқыланады: #SDG #ЦУР #ТДМ

PhDSpire: ғылыми идеялар

Ғылым Декадасы аясында Педагогика және психология,  Дене шынықтыру және өнер, Жаратылыстану – техникалық факультеттерінің ұйымдастыруымен жас зерттеушілерге арналған ерекше форматтағы “PhDSpire” ғылыми іс-шарасы өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – докторанттардың зерттеу жұмыстарын көпшілікке ұсыну, ғылыми идеялармен бөлісу, пікір алмасу және болашақ ғалымдарды қолдау. Іс-шара барысында Педагогика және психология факультетінің келесі докторанттары өз баяндамаларын ұсынды: 🔹 Ахметсапа …

PhDSpire: ғылыми идеялар Read More »

AI Assistant