ҚР Оқу-Ағарту министрі Бейсембаев Ғани Бектайұлымен кездесу сәті
2025 жылдың 11-15 ақпан аралығында өтіп жатқан “Жұмысшы мамандықтар қаласы” фестивалі аясында ҚР Оқу-Ағарту министрі Бейсембаев Ғани Бектайұлымен кездесу сәті
2025 жылдың 11-15 ақпан аралығында өтіп жатқан “Жұмысшы мамандықтар қаласы” фестивалі аясында ҚР Оқу-Ағарту министрі Бейсембаев Ғани Бектайұлымен кездесу сәті
Техникалық және кәсіптік орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының студенттері арасында өткен үстел теннисінен бағалау рейтингтік спартакияда жарысында «Zhansugurov college» құрама командасы жүлделі IІ орынды иеленді.
13-18.02.2025 жылы Алматы облысы Кемертоған ауылында Бокстан Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері, Олимпиада чемпионы Ермахан Сағиұлы Ыбраймовтың жүлдесіне арналған халықаралық турнирінде Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті Дене шынықтыру және өнер факультетінің білім алушысы Егінбайқызы Құралайды І-орын иеленуімен ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде Халықаралық ғылымдағы әйелдер мен қыздар күніне арналған дөңгелек үстел өтті. «AMANAT» партиясының Жетісу облыстық филиалының бірлесуімен өткен жиында ғылымдағы әйелдердің рөлі, олардың жетістіктері мен болашақ даму жоспарлары талқыланды.Іс-шара барысында «ZHANSUGUROV COLLEGE»-нің арнайы пәндер оқытушысы Уклинова Каршыга Едиловна «AMANAT» партиясының атынан Алғыс хатпен марапатталды.
Ағымдағы жылдың 13 ақпан күні Техникалық және кәсіптік орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасында “Білім беру” саласы бойынша облыстық кәсіби шеберлік байқауында арнайы пәндер оқытушысы Омарова А.Н. жүлделі 1-орын иеленіп, Республикалық кезеңге жолдама алды және де жалпы білім беру пәндерінің оқытушысы Искакова С.М. жүлделі 2-орынды иеленді! Алар асуларыңыз бен бағындырар белестеріңіз көп болсын!!!
І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті облыстағы мемлекеттік мекемелер, құқық қорғау органдарымен ынтымақтастық байланысын нығайтуда.Бүгін білім ордасында Жетісу облысы қорғаныс істері жөніндегі департаменті және Талдықорған гарнизонының әскери прокуратурасымен өзара серіктестік жөніндегі меморандумға қол қойылды. Меморандум аясында тараптар бакалавриат, магистартура, докторантура білім беру бағдарламаларының студенттері үшін Талдықорған гарнизонының әскери прокуратурасында оқу, өндірістік, дипломалды, зерттеу іс-тәжірибелерін өткізу, бірлескен ғылыми-тәжірибелік, …
2025 жылғы 11 ақпанда І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті Гданьск университетімен (Uniwersytet Gdański) ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Гданьск университеті (Польша Республикасы) 1970 жылғы 20 наурызда құрылған және Times Higher Education әлемдік рейтингінде «Құқықтану» бағыты бойынша 301-орын, QS WUR рейтингінде 801-орын иеленген. Аталған меморандум білім алушылар мен профессор-оқытушылар құрамының академиялық ұтқырлығы, бірлескен ғылыми зерттеулер, ғылыми …
Гданьск университетімен (Uniwersytet Gdański) ынтымақтастық туралы меморандум Read More »
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының меңгерушісі, заң ғылымдарының докторы, профессор Гүлдана Куаналиева. Ішкі академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында 15 ақпан — 18 сәуір аралығында Жетісу университетінің құқықтық пәндер кафедрасының құқық саласы бойынша білім беру бағдарламасының 2 курс студенттеріне «Кәсіпкерлік құқық» пәнінен дәріс өткізуде. Ішкі академиялық ұтқырлық бағдарламасының мақсаты студенттерге Кәсіпкерлік …
🎓 Қазіргі таңда табысты болудың маңызды шарттарының бірі – топта жұмыс істей білу. Бірлескен іс — әрекет арқылы ғана жоғары нәтижеге қол жеткізуге болады. Осы мақсатта Дене шынықтыру және өнер факультетінде “Топтық жұмысты дамыту және нығайту” тақырыбында психологиялық тренинг өтті. ⚜️ Бұл іс-шара барысында студенттер бір-бірімен сенімді қарым-қатынас орнатуды, командалық рухты нығайтуды және бірлесіп тиімді …
“Топтық жұмысты дамыту және нығайту” тақырыбында психологиялық тренинг өтті Read More »