Год: 2025

Магистранттардың жартыжылдық есебі

Магистранттардың жартыжылдық есебі 2025 жылдың 29 қаңтарында гуманитарлық факультетте 7М01701 – «Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасының 1, 2 курс магистранттарының 2024/2025 оқу жылындағы жартыжылдық есебі тыңдалды. Факультет деканы м.а. Е.Буланов  және магистранттардың жетекшілері  қатысты. Магистранттар жеке жұмыс жоспарындағы жоспарланған жұмыстарының орындалу барысы, диссертациялық жұмыстарының дайындығы және жарияланған мақалалары туралы есеп берді.

«Көңілді жарыстар күні» турнирі

І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің профессорлық оқытушылар құрамы мен қызметкерлері арасында «Көңілді жарыстар күні» топтық жарысы өтті. Жарыс челноктық жүгіріс, кермеге тартылу, пресс, жүгіру эстафетасы, баскетбол добымен жүгіру эстафетасы, кедергілерден жүгіру және арқан тартыс сынды 7 турдан тұрды. Жарыстың мақсаты мен міндеті қызметкерлер арасында салауатты өмір салтын насихаттау, спорттық шеберліктерін шыңдау, факультеттер мен бөлімдер арасындағы спорттық-жолдастық …

«Көңілді жарыстар күні» турнирі Read More »

Хакатон-2025 зияткерлік сайысы

Жетісу университетінің командасы Хакатон-2025 зияткерлік жарысына қатысып жатыр. Хакатон 2025 Қазақстанның жоғары оқу орындарының топ-менеджерлері мен Ғылым және жоғары білім министрлігінің өкілдеріне «Сколково» Мәскеу басқару мектебі әзірлеген «FuturEdu Strategy Simulation» симуляциялық ойыны шеңберінде өз стратегияларын бірлесіп әзірлеуге, сынақтан өткізуге және нығайтуға мүмкіндік береді. І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің командасы аталған зияткерлік жарысқа қатыса отырып, аналитикалық деректер …

Хакатон-2025 зияткерлік сайысы Read More »

Жетісу университетінің комплаенс-офицері Кабыкенов Болат Жаксылыкович пен «Педагогика және психология» факультетінің профессор-оқытушылар құрамы арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша кездесуі

28.01.2025 ж. І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің комплаенс-офицері Кабыкенов Болат Жаксылыкович пен «Педагогика және психология» факультетінің профессор-оқытушылар құрамы арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша кездесу болды. Кездесу барысында комплаенс-офицер профессор-оқытушыларға Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл туралы» заңына тоқтала отырып, сыбайластыққа қарсы қандай әрекет жасау керегін түсіндіріп өтті. Факультет профессор-оқытушылар құрамы да өз ойларын қосып, …

Жетісу университетінің комплаенс-офицері Кабыкенов Болат Жаксылыкович пен «Педагогика және психология» факультетінің профессор-оқытушылар құрамы арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша кездесуі Read More »

Құттықтаймыз!!!

2025 жылдың 19-23 қаңтар күндері аралығында Алматы қаласында джиу-джитсудан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті Педагогика және психология факультеті «Арнайы педагогика» білім беру бағдарламасының 1 курс студенті Әбдраш Аружан Асқарқызы 63 келі салмақта күміс жүлдегер атанды.

Қазақстан Республикасы чемпионатына жолдама

Колледжіміздің 104 ШБқ топ студенті Медетқызы Ажар Қазақ күресінен 2008-2009 ж.т. жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында Жетісу облысы чемпионатында жүлделі І орын иеленді.Самбо күресінен 2007-2010 ж.т. жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында Жетісу облысы чемпионатында жүлделі ІІ орын иеленді. Қазақстан Республикасы чемпионатына жолдама алды. Жеңісімен құттықтаймыз!

Тегін заң көмегі

Жетісу облысы Әділет департаменті мен І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің құқық және экономика факультетінің құқықтық пәндер кафедрасы заң клиникасының ұйымдастыруымен «Тегін заң көмегі күні» акциясы өтті. Акцияның мақсаты — жеке және заңды тұлғаларға Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген негізде тегін құқықтық көмек көрсету. «Тегін заң көмегі күні» акциясы «Заң және тәртіп» қағидаттарын ілгерілету мақсатында ұйымдастырылды. Акция …

Тегін заң көмегі Read More »

Үстел теннисінен турнир

Жетісу облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті қызметкерлері І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті студенттерінің арасында үстел теннисінен турнир өткізді. Аталған шара ҚР Қаржылық мониторинг органының құрылған күніне орай ұйымдастырылды. Турнирдің ашылу салтанатына Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы Еркін Тюмелиев қатысып, теннис ойыншыларына сәттілік тіледі. «Белсенді салауатты өмір салты мен спорт кез — келген заманауи адамның ажырамас бөлігі. Департамент …

Үстел теннисінен турнир Read More »

І- орын иеленулерімен ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

19-23 қаңтар аралығында Алматы қаласында джиу-джитсудан Қазақстан Республикасының чемпионатында Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті, Дене шынықтыру және өнер факультетінің білім алушылары Қанатбек Гаухар мен Данагүл Талғатқызын І- орын иеленулерімен ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!спортшыларымызға алдағы Иордания мемлекетінде өтетін азия чемпионатына сәттілік тілейміз.

AI Assistant