Университетішілік семинар

2026 жылғы 28 қаңтарда университетішілік жас ғалымдарға арналған «Жас ғалымдардың ғылыми және ғылыми-техникалық қызметінің нәтижелерін коммерцияландыру жобаларын гранттық қаржыландыруға арналған «Jas ǵalym» конкурсының қорытынды есебін ҰМҒТСО жүйесінде тіркеу» және «Ғылыми және ғылыми-техникалық қызметтің нәтижелерін тіркеу» тақырыптары бойынша семинар өткізілді.

Семинар ақпараттық-түсіндіру және практикалық бағытта өтті. Оған «Jas ǵalym» конкурсының жетекшілері мен орындаушылары, сондай-ақ ғылыми жұмыс жөніндегі деканның орынбасарлары қатысты.

Семинар барысында қарастырылған негізгі мәселелер:

  • Қорытынды есепті жазу және рәсімдеу тәртібі, оның құрылымы және ресімдеуге қойылатын талаптар;
  • Қорытынды есепті ҰМҒТСО жүйесінде тіркеу кезеңдері;
  • Қажетті құжаттар тізбесі және оларды жүйеге жүктеу тәртібі;
  • Ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін тіркеуге қойылатын негізгі талаптар;
  • Ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін болашақта пайдалану;
  • Тіркеу кезінде жиі жіберілетін қателіктер және оларды болдырмау жолдары;

Семинар барысында қатысушылар қорытынды есепті жазу, қажетті құжаттарды дұрыс рәсімдеу және ҰМҒТСО жүйесінде тіркеу тәртібі бойынша толық ақпарат алды. Сонымен қатар авторлықты және басымдықты растау, нәтижелерді есепке алу және оларды болашақта пайдалану мақсатында ғылыми және ғылыми-техникалық қызметтің нәтижелерін тіркеу жолдары түсіндірілді. Жас ғалымдарға олардың ғылыми қызметін уақытылы және талаптарға сай тіркелуіне елеулі әдістемелік қолдау көрсетілді.

#SDG #ЦУР #ТДМ

AI Assistant