«Психологиялық-педагогикалық практика»

Дене шынықтыру және өнер факультетінің «Бастапқы әскери дайындық және дене шынықтыру» білім беру бағдарламасының 2-курс студенттеріне «Психологиялық-педагогикалық практика» бойынша бағыттау конференциясы өткізілді.

Конференцияның негізгі мақсаты – студенттерді психологиялық-педагогикалық практиканың мазмұнымен, мақсат-міндеттерімен таныстыру, кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастыруға бағыт беру және болашақ педагогикалық қызметке дайындау болды.

Іс-шара барысында студенттерге практиканың өту тәртібі, білім беру ұйымдарындағы жұмыс ерекшеліктері, педагог-психологтың қызметі және оқушылармен тиімді қарым-қатынас орнату жолдары түсіндірілді. Сонымен қатар, практиканы ұйымдастыруға қатысты әдістемелік нұсқаулар беріліп, қажетті құжаттарды рәсімдеу тәртібі таныстырылды.

AI Assistant